Баған

Бас санитар індетпен күресті күшейту үшін жаңа қаулыға қол қойды

Бас санитар дәрігер АйжанЕсмағамбетова «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды.

Jasalash.kz

Республикатұрғындары арасында COVID-19 коронавирус індетінің таралуын болдырмау үшінәкімдерге, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулықсақтау басқармаларының басшыларына мыналарды қамтамасыз ету бағыттары тапсырылды. 

Сондай-ақ,Қазақстанның мемлекеттік делегациясын қоспағанда, Қазақстанның мемлекеттікшекарасы арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан аумағынан келген адамдар да екі күнге дейінкарантиндік ауруханада жатуы тиіс.

 Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл»ЖШС объектілерінен келген адамдар COVID-19 бойынша зертханалық зерттеу үшінкарантиндік ауруханада 2 тәулікке дейін оқшауланады, оң нәтижесі бар адамдаремделуге, ал теріс нәтижесі бар адамдарға жіберіледі. COVID-19бойынша — олар үйде 12 күн бойы оқшауланады (үй карантині).

Үйде оқшаулауға жағдай болмаған жағдайда,карантиндік ауруханада оқшаулау ұсынылады.

Нұр-Сұлтан,Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуітиіс:

— ойын-сауық, спорттық жәнебасқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;

— сауда орындары менойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көпадам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;

— діни обьектілердіңқызметіне тыйым салынады;

— әскерге шақырылғаназаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалықзерттеуінен өтуі тиіс;- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар,тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега