Сараптама

Бас жоспардың болашағы қандай?

Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде еліміздің беткеұстар «визиттіккартасы» іспетті. Еліміз үшін маңызды халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтетінЕуразиялық кеңістік орталығына айналды.

Jasalash.kz

         

Бүгінде көшелерімен ғимараттарын көріктендіру бойынша қаланың дизайн-коды бар, ол болашақта өзретімен  жүзеге асырылмақ. Алғашқысы осыжылы қаланы абаттандырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске қосукезінде қолданылады. Дизайн-код деп отырғанымыз – стильдік бірыңғай, жайлы жәнеқауіпсіз қала қалыптастыруға болатын ережелер мен ұсыныстар. Астаналықтар менқонақтардың қауіпсіздігі әрі жол ережелерінің сақталуы үшін 858 видеобақылаукамерасы орнатылған. Өтініштер қабылдау бойынша ІKOMEK 109 бірыңғай байланысорталығы жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтанқаласы құрылыс секторында бұрынғысынша көшбасшы болып келеді. Осы салакәсіпорындары 1997 жылдан бастап, 2019 жылға дейін 24 млн шаршы метрден астамтұрғын үй салып берген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл да құрылыскөлемі арта түспек. Айталық, биыл 8000-нан артық пәтер салынып, пайдалануғаберілетін болады.

Сонымен қатарқаланың барлық аудандарында аулалар мен үй маңындағы аумақтарды абаттандыружұмысы жүргізілуде. Биыл 150-ге жуық ауланың жұмысы қолға алынған. Бұлаулалардың бір бөлігі тіпті 10 жылдан бері абаттандырылмаған. Елу тұрғын үй орналасқан«Жастар» шағынауданының аулаларын нөсер кезінде су басып қалмау үшін кәрізтөсеу жұмыстары да басталып кетті. Сонымен қатар 50-ге жуық қоғамдық жер(саябақтар, скверлер және басқа да ортақ пайдалану орындары) абаттандырылады. Ондағы мақсат – қаланың сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастыру арқылыазаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта жасау.

Қалатұрғындары спорттық инфрақұрылымдармен де қамтамасыз етілді. Саламатты өмірсалтын ұстанушылардың қатары күннен-күнге көбейіп келе жатқаны, кешкісінспорттық алаңдарға ағылып жатқан азаматтарды көрудің өзі көз қуантады. Мысалы,қазіргі кезде астанада 800-ге жуық спорт орындары бар. Әсіресе Жекпе-жек сарайыкөз тартады. Заманауи сәулет өнерінің ерекше үлгісінде салынған ғимараттыңүшбұрышты пішімі еліміздің еркіндігі мен қуатының символына айналған бүркіттіңкөкке қанат қаққан сәтін бейнелейді. Сарай ішінде 5000 орынға арналған көпсалалыспорттық арена, комментаторлардың кабинасы, төрешілер алқасы аймағы кіретінспорттық зал бар. Бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлеріменайналысуға мүмкіндік беретін жаттықтыру залдары бар.

Одан бөлек, көркіменкөзге түсетін «Алау» мұзайдыны сарайы, «Астана Арена» стадионы, ең үздік спорткешендерінің бірі – Республикалық «Сарыарқа» велотрегі, «Барыс» мұзайдыныаренасы сияқты спорттық нысандар қалалықтардың игілігіне жарап тұр.

Елорданыңішінде қайнап жатқан жұмыстарға келсек, мұнда ауқымды экономикалық,ғылыми-техникалық және әлеуметтік міндеттер шешілуде, машина жасау, құрылысиндустриясы саласында ірі жобалар іске асырылуда, қызмет көрсету саласы менинженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым кеңейтілуде, ондаған мың жұмыс орындарыашылу үстінде. Мәселен, соңғы 22 жылда қаланың жалпы өңірлік өнімі 25,7 млнтеңгеден 7 трлн теңгеге дейін өсті. 1997 жылдан бастап өнеркәсіп өндірісініңкөрсеткіші 50 есеге дейін көбейген. Ал экономикалық дамудың мықты драйвері шағынжәне орта бизнес екені белгілі. Мұнда ЖӨӨ-нің (жалпы өңірлік өнім) 57 пайызданастам көлемі қалыптасады. Қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері елбойынша осы сектордың барлық жұмыстары мен қызметтерінің 20 пайызын жүргізеді.ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2005 жылғы 177,8 млрд теңгеден 2019 жылы5,9 трлн теңгеге дейін өскен. 

Секторда жылсайын 20 мыңнан астам жаңа өндірістер мен әлеуметтік объектілер іске қосылса, оныңішінде шамамен 70 пайызы шағын және орта бизнесте. Бұл жаңа жұмыс орындарыныңқұрылуына ықпал етеді әрі  тұрғындардыңәл-ауқатына да оң әсерін тигізді.

Елордаэкономикасының маңызды салаларында сапалы жаңа жұмыс орындарын құру мақсатындатиісті мемлекеттік органдарда мемлекеттік, үкіметтік және салалықбағдарламаларды іске асыру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында жаңажұмысшылар құру үшін арнайы жұмыс топтары бар. Құрылған жаңа жұмыс орындарытуралы мәліметтердің «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы» енгізілді.Одан бөлек, қала әкімдігі жанынан жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарғаарналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соның арқасында елордажұмыссыздық бойынша ең төменгі деңгеймен (4,4 пайыз) көшбасшы позициясыныңбірін иеленді, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,4 пайызға төмен.  

Жыл басынан бері6802 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5546 тұрақты және 1256 уақытша жұмыс орны.Мысалы, 2020 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 1408адам инфраструктуралық жобалар жұмысына жұмылдырылды. Жыл басынан бері 2174адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. 

Сондай-ақ жол-көлікинфрақұрылымының дамуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілгенНұр-Сұлтан қаласы дамуының бас жоспарына негізделіп жүзеге асырылады. Қалаәкімдігінің мәліметінше, былтыр 69 көше бойынша 51,5, соның ішінде ұзындығы 24,3шақырым тұрғын алаптарының 39 көшесінде жол салынды әрі жөнделді. 16 көшеде 16шақырым жол жабынына орташа жөндеу жүргізілді, 2 Алматы көшесі бойыншаСарыбұлақ жылғасы арқылы көпірмен өтетін жол ашылды.

Былтыр жалпыұзындығы 87 шақырымдық Үлкен айналма автомобиль жолын тұйықтайтын, ұзындығы 34 шақырымсоңғы учаске іске қосылды. Ол бойынша қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 15 мыңавтокөлік жүріп өте алады деген жоспар бар, соның ішіндегі 20 пайызын жүкавтокөлігі құрады.

Қазіргі таңдақаланың көлік жүйесі жалпы ұзындығы 852,8 шақырым болатын 1110 көшеден тұрады.Соның ішінде асфальтбетон жабыны жолдың 83,5 пайызында бар (712,4 шақырым) жәнеавтожолдардың 16,5 пайызында (140,4 шақырым) қатты жабыны жоқ. Барлығы сегізжолайрығы, 22 автомобиль және бес жаяу жүргінші көпірі бар. Келесі жылданбастап көлік логистикасын айтарлықтай жақсартатын бірқатар маңызды жобалар қолғаалынбақшы.

2008 жылы қабылданғанқаланың шеткі аймақтарын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру 2020 жылға дейінесептелген. Соның аясында 232,38 шақырым жол және 900,9 шақырым инженерлік желісалу жоспарланған. Ал 2011 жылдан бері 20 тұрғын алапта 101 шақырым жол салынып,275,25 шақырым коммуналдық желі төселді. Аталған бағдарлама асфальт төсеудіғана емес, іргелес аумағын абаттандырумен инженерлік желілерді жайластыруды дақарастырады. Соның шеңберінде бірнеше жобаны жүзеге асыру едәуір қаржыландырумен уақытты талап ететіндіктен, жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілмек.  

Ал тұрғын үйқұрылысын дамыту бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттікбағдарламасы аясында бюджеттік қаржыландыру көздері есебінен жалпы көлемі 120мың шаршы метр – 1384 пәтердің құрылысы аяқталды. 2019 жылы 2437 орындық бесқосымша құрылыс, 2100 орындық екі мектеп және 800 орындық КТМ пайдалануғаберілді.

Айта берсек, елорданыңел қызығатын жетістіктері жетерлік.

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА,

«Жас Алаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега