Саясат

Бауыржан Байбек еліміздің шалғай ауылдарындағы халық өкілдерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары БауыржанБайбек шалғай ауылдардағы қордаланып қалған мәселелерді бірге талқылау үшінөңірлік бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен жүздесті.

Jasalash.kz

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының стратегиялықбастамалары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет2026 жылға дейін ауылдарды қолдау үшін 2 триллион теңге бөлуді көздеп отырғанынайтты. 2021 жылға қарай 3477 ауылды жаңғыртып, ауыз сумен қамтып, әлеуметтікинфрақұрылымдарды жақсартып, жолды жөндеу мен құрылыс жұмыстарына айрықша көңілбөлуді жоспарлап отыр.  

«Бүгін сіздерменатаулы мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңындажүздесіп отырмыз. Бұл қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Тәуелсіздікжылдарында Елбасы этникааралық келісімнің бірегей үлгісін жасады, бір милионнанастам қазақтар тарихи отанына оралды. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздіңбарлық шекарамыз шегенделді. Қысқа уақыт ішінде еліміз қажетті нарықтықреформаларды жүзеге асырды. Егер де 90-шы жылдары қазақстандықтардың 30%-ының тұрмыс-тіршілігінашар болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді», — деп атап өттіБауыржан Байбек.

Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, бастауышпартия ұйымдары «Nur Otan»-ның — басты тірегі, қозғаушы күші. Партияныңбелсенді мүшелерін жұмылдыру мен жаңа тұлғаларды тарту мақсатында 14 өңірдепилоттық режимде партиялық кадрлық резервке іріктеу жүргізілді.

«Егер де қоғамдадиалог болмаса, сенім де болмайды. Сенім жоқ жерде, болашаққа нық қадам жасайалмаймыз. Сондықтан Елбасы «Сенім. Диалог.Болашаққа нық қадам» деп аталатынпартияны қайта жаңғыртудың бағдарламасына бастамашы болды. «Nur Otan»партиясының басты мақсаты – осылардың басын біріктіру. Әлеуметтік жүйеніжетілдіріп, ел қамын ойлап, халықтың өмірін жақсарта түскісі келетіндердіпартияға тарту.  Бүгінгі таңда ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай өңірлерді дамытуға айтарлықтай қаражатбөлінуде. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» өз тарапынанбюджет қаржысының жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етеді», — деді БауыржанБайбек.

Батыс Қазақтан облысы, Ақжайық ауданынан келген партиялықГүлнар Гилманова өз сөзінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың қандайауыртпалықты басынан өткергенін тілге тиек етті.

«Адамдардың жалақысыкешіктіріліп, олар балаларын қалай асырарын, қалай киіндірерін білмей қиналды.Уақыт өте келе қарапайым халықтың жағдайы жақсара түсті. Ертеңгі күнге дегенсенім пайда болды: Біз күйеуіміз екеуміз төрт баланы тәрбиеліп жатырмыз», — деді ол.

Өз сөзінде Ақмола облысы, Есіл ауданынан келген БекзатБаймұратов партиялық кадрлық резерв пилоттық жобасының талай жасқа жол ашыпбергеніне тоқталды.

«Мен 25 жастамын. Бұрын мен партияға немқұрайлы қарайтынмын.Партиялық кадрлық резервке іріктеу бастамасы менің қызығушылығымдытуғызды.  Біздің ауданнан ғана 61 үміткерқатысты, олардың ішінде мен де бармын. Біз жеті ауылда болып, тұрғындарменкездесіп, олардың проблемасын тыңдадық. Енді оны шешудің жолын бірге ойластырамыз», — деді Берік Баймұратов.

Фото «Nur Otan»партиясының баспасөз қызметіненалынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега