Саясат

«Бейбіт жиналыстар туралы» заң берекелі өмірге жетелей ме?

Бүгінгі күні қоғамда өте өзекті мәселе ретінде қаралып, талқыға түскен «Қазақстанда бейбіт жиналыстардыұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы.

Jasalash.kz

Парламенттің  екі палатасында  да қаралып,  мақұлданып қазір  президенттің қол  қоюында жатыр. Бұл   «су»  жаңа заң қоғамды  қаншалықты  өзгерістерге жетелеп, демократиялықүдерістерге  бастайды? Бірден айтайынкейбір жайттар  бойынша сәл  жеңілдіктер, біршама  өзгерстер болғанымен, бұл жаңа  заң  1995 жылдан  осы уақытқа дейін  қолданыста  болған осы аттас  заңнан аса  бір өзгеше деп айту  қиын. Әңгімемізді бастамай  тұрып, мынаны еске  сала кетейін. Былтыр  мен жетекшілік ететін «Байтақ – Болашақ»  экологиялық альянсы  Нұр – Сұлтанда бейбітмитинг  ұйымдастырды. Сол   жерде қоғамдағы  өзекті проблемалардың  бәрі айтылған еді.  Соның бірі осы митинг  өзткізу мәселесіболатын.  Митинг  барысында қабылданған қарарда елімізде митинг, шерулер  өткізу  туралы жаңа  заң керектігі,  ол халықаралық  стандарттарға сай  болуы тиістігі көрсетілген.Демек,  бүгін   осы аталмыш заңның қабылдануына белгіл бірдеңгейде біз  түрткі  болдық. Үлесіміз  бар деуге болады. Бисмарктің «Данышпандар ойлап табады, жангештілер атқарады,алаяқтар пайдаланады»  деген сөзі  бар. Мұны неге айтып  отырмын, өйткенікейбір  пысықайдар «бұл  заң жобасын жасауға  біз  түрткі болдық, біздің арқамыз»  деп жүр.

Ал  жаңа  заңға байланысты ойымызды  әр жалғастыратын  болсақ, қоғамға  аса қажет заңды  Ұлттық кеңес құрамында  жүргенде деталқыға  салдық.  Пікірімізді  білдірдік. Ақиқатқа тура қарап айтар болсақ, бұл  заң  арқылы әлі де билік  бәрін қадағалауда,  бақылауда ұстағсы  келетіні аңғарылып  тұр. Өйткені билік еш  нәрсені бақылаудан  тыс қалдырғысы  жоқ. Себеп белгілі. Митинг, шерулерге  тым жұмсақтық танытса,  билік бәрінен айрылыпқалатындай  үрейде. Өйткені өздері  отырған ортынтақ «мәңгі»  болса деп  қалайтындар  көп. Олар жүйенің өзгергенін,  биліктің ауысқанын  қаламайды. Бәріде бақылауда  болса, қажет жерінде «тұншықтырып» тастайтын тетік қолда  болса деп ойлайды. Бұған осы уақытқа дейінелімізде  ауыз  бірлігі мықты оппозицияның (бола  қалғанның өзінде билік арандату, ішінен іріту сияқты қитұрқы  әрекеттерарқылы  бөлшектеп тастайды)  болмауы, әділін айтқан бұқаралық ақпарат  құралдарын тұншықтырып келуі, халықтың сөзін сөйлегісі келетін партияларды тіркемеу, парламентке оппозиция өкілдерін  өткізбеу дәлел  бола алады. Ал,  мұндай қоғамда ақиқаттың  ақ  туын жебірететін заң  болуы мүмкін бе? Қайдам? Десек те, аталмыш заңда, бейбіт жина­лыстардың базалық қағидаттары енгізілгені көрініп  тұр.  Олар – зорлық-зомбылықсыз сипат; заңдылық;мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқаадамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету; қатысуеріктілігі дегендей. Қалай айтсақ та, ең бастысы бейбітжиналыстар — митингтер, демонстрациялар, манифестациялар азаматтық қоғам менбилік диалогының бір түрі  болуы  тиіс. Біз соған  бек сенімдіміз.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

 «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянстың   төрағасы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега