Қоғам

«Бэк эйр» ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны айтылды

«Бэк эйр» ұшағыныңапатқа ұшырауына не себер болғаны белгілі болды. Бұл жөнінде премьер-министрорынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Jasalash.kz

Оның сөзінше, әуекемесінің артқы жақ бөлігі ұшқанға дейін екі рет ұшып-қону жолағына соғылған.Салдарынан ұшақ оңға қарай бұрылып, бетон қоршау мен үйге соғылған.

«Үкіметтік комиссия жұмысын бастады. Біз бүгін ұшып-қонужолағына ұшақтың артқы жақ бөлігі екі рет соғылғанын анықтадық. Олардыңинтервалы шамамен 300-400 метр. Ұшақтың шассиі жиналған, ол әуеге көтерілмекболған. Бірақ ұшақ оңға қарай бұрылып, өздеріңіз көргендей, бетон қоршау мен үйге соғылған.Ұшақ екіге бөлініп қалған. Көз жұмғандардың барлығы алдыңғы бөлігінде болған», — деді Скляр.

Әзірге ұшақтыңапатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Премьер-министр орынбасарыныңпікірінше, апатқа ұшақтың қателігі немесе техникалық ақаулар себеп болуымүмкін.

АлматыданНұр-Сұлтанға қарай бағыт алған ұшақ бүгін таңертең әуежайдан үш шақырым жердегіГүлдала ауылының маңына құлаған. Оның бортында 93 жолаушы болған. Соңғы ақпаратбойынша, апат салдарынан 15 адам көз жұмған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега