Қоғам

«Бек эйр» ұшағының не себепті апатқа ұшырағаны белгілі болды

«Бек эйр» ұшағыныңне себепті апатқа ұшырағаны белгілі болды. Бұл жөнінде премьер-министрдіңорынбасары Роман СКЛЯР мәлімдеді.

Jasalash.kz

Оның сөзінше, ұшақтыңапатқа ұшырауына бортқа мұз қату себеп болған.

«Ұшу алдында «Бек эйр» ұшағына мұзға қарсы сұйықтықтытолықтай шашпаған. Тек тұрақтандырғыш (стабилизатор) ғана мұзға қарсысұйықтықпен көмкерілген. Қанаттарына сұйықтық шашылмаған», — деді Склярбрифингте.

Бұған дейін апатқақатысты құрылған арнайы комиссия ұшақ әуеге көтерілмес бұрын артқы жақбөлігімен жерге екі рет соғылғандығын айтқан. Ол кезде ұшақтың апатқа ұшырауынапилот қателігі немесе техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін деген болжамайтылған.

«Бек эйр»компаниясына тиесілі «Fokker-100» ұшағы 27-ші желтоқсан күні Алматы маңында апатқаұшырап, салдарынан 12 адам көз жұмған. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыталған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега