Қоғам

Бекшин Алматыдағы карантиндік шектеулер туралы қаулыға қол қойды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулыға қол қойды.

Jasalash.kz

Қаулыға сәйкес, қалада бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталады. «Атап айтқанда, караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт жұмыс істемейді. Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілер, ұйымдық-құқықтық нысандар қызметкерлердің 30%-ін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек. Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет. Аудан әкімдері мониторингілік топтардың жұмысын жандандыруы тиіс. Көп қабатты үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау міндеттеледі», — делінген құжатта.  

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега