Саясат

Белсенді Әлнұр Ильяшевтің үйінде тінту жүріп жатқаны хабарланды

Алматыда белгілі азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевтің үйінде тінту жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы оның ағасы Қанат Ильяшевке сілтеме жасап «Власть» интернет-басылымы жазды.

«Шамамен сағат 6:37-де әкем қоңырау шалып, Әлнұрдың үйіне СОБР кіргенін айтты. Мен барған кезде подъезд маңында ресми полиция көлігі болған жоқ. Жедел қызметкерлер жүрді. Олардың бірі біреумен сөйлесіп, «бәрі ұқыпты жасалады» деп айтып жатты», – деді Қанат Ильяшев.

Оның айтуынша, өзін үйге кіргізбеген. Дегенмен туыстарының аман-есен екеніне көз жеткізген.

Қанат Ильяшев бұл жолы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сабырлы әрекет етіп жатқанын да айтқан. Алты жыл бұрын белсендінің үйінде де тінту жүргізілген кезде оның туыстары полиция қызметкерлерінің дөрекі әрекет еткенін мәлімдеген еді.

Әзірге тінтудің қандай қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқаны белгісіз. Қызметкерлер Қанат Ильяшевке ешқандай ақпарат бермеген, алайда Әлнұр Ильяшевтің жауап алуға әкетілетінін айтқан.

Сайт Әкімшілігі