Саясат

Белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлағаны хабарланды

Белсенді әрі журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлаған. Бұл туралы оның әкесі Алмас Тілеп «Азаттық» радиосына мәлімдеді.

Фото: из открытых источников


Әкесінің айтуынша, Думан Мұхаммедкәрім өзін Алматыдағы мекемеге ауыстыруды талап етіп, батарейка мен оттық жұтқан. Осыдан кейін оны ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсеткен соң қайтадан түзеу мекемесіне қайтарған.

«Ол өзін Алматыға ауыстырмаса, шындығым үшін өлуге дайынмын деген еді. Қазір түрмеде. Жағдайы нашар», - деді Алмас Тілеп.


Думан Мұхаммедкәрім – журналист және қоғам белсендісі. Бұған дейін бірнеше телеарнада жұмыс істеп, кейін саяси және қоғамдық мәселелерді көтеретін «Не дейді?» YouTube арнасын жүргізді.

Ол 2023 жылы ұсталып, 2024 жылы «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» баптары бойынша жеті жылға бас бостандығынан айрылған. Тергеу барысында оған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты да айыптардың бірі ретінде көрсетілген.

Сайт Әкімшілігі