Бес жасар қызды өлтірген қылмыскердің жазасы белгілі болды
Қылмыскер қатаң қамау режимінде болады
Бес жасар қызды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған 48 жастағы педофил Сайдолим Гайбназаров әйгілі "қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтейді.
Сәбиді өлтірген қылмыскер қараша айының басында қауіпсіздігі барынша қатаң түрмеге жеткізілген. Онда ол өмірінің соңына дейін жалғыз камерада отырады. Сонымен қатар, педофилді мәжбүрлі химиялық кастрация күтіп тұр. Медициналық препарат оған айына кемінде бір рет енгізіледі.