«Бейсбол таяғымен аяусыз ұрған»: Семейде ажырасқысы келген әйелін өлтірген ер адамның ісіне қатысты тергеу аяқталды
Сот отырысы 29 шілдеде басталады.
Марқұмның туыстарының айтуынша, биыл сәуір айында 52 жастағы әйел күйеуіне ажырасқысы келетінін айтқан. Осыдан бірнеше күн өткен соң ер адам әйелінің жеке заттары мен құжаттарын, сондай-ақ ортақ балаларының құжаттарын өртеп жіберген.
Кейін, туыстарының мәліметінше, күдікті әйелді аңдып жүріп, оған бейсбол таяғымен шамамен 28 рет соққы жасаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. Марқұмның жақындары ер адамның ұзақ жылдар бойы алкогольді шамадан тыс тұтынып, әйеліне күш көрсеткенін және ажырасу туралы шешім қабылдағаннан кейін оны қудалағанын айтады.
Оқиғадан кейін күдікті бой тасалағанымен, көп ұзамай ұсталып, қамауға алынған.
Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу аяқталды.