26 апреля 2024 г. 16:58

Биыл мектеп түлектеріне салтанатты банкеттер өткізуге тыйым салынды

Фото:

ҚР Оқу ағарту министрлігі биыл мектеп түлектеріне салтанатты банкеттер өткізуге тыйым салынғанын хабарлады.

Биыл оқу жылының аяқталуына орай Қазақстанның барлық мектебінде дәстүрлі салтанатты жиынның орнына бірыңғай сынып сағаты өтеді. Ал мектеп бітірушілерге мектеп бітіруін салтанатты түрде тойлауға тыйым салынды.

"9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz