Баған

​Билік алашордашылардың еңбегін елемейді

Қазақстан тарихында сауатты саяси күрес жүргізудің бір ғанаүлгісі болды. Тек алашордашылар ғана мақсатқа бағытталған, айқын бағдарламамен,бірлескен, сауатты қимыл жасады.

Jasalash.kz

Олардың басым көпшілігі текті әлеуметтіктоптардан шыққан, еуропалық білім алған, дүниежүзілік саяси үрдістердің мәнін түсінеалатын адамдар болды. Алашшылар тегеурінді әркеттерімен Қазақ автономиялық Кеңестікреспубликасын құру туралы құжатқа қол қоюға В. Ленинді мәжбүр етті. Қазақ Кеңесавтономиясы – Алашордашылардың тарихи қызметінің нәтижесі. Кейін біртіндеп қырылыпқалғанына қарамастан, олар тарих алдындағы ең басты миссиясын орындап кетті.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіз мемелекет ретінде бөлініп шығаалмас еді, егер 1936 жылы одақтас республика мәртебесіне ие болмаса. Қазақстан1936 жылы одақтас республика мәртебесін ала алмас еді, егер 1920 жылыАлашордашылардың саяси қызметінің нәтижесінде автономия ала алмаса. Бәрі алашордашылардың ерен саяси қызметіненбастау алған болатын. Ал қазіргі биліктің алашордашылардың есімдерін атауға,олардың тындырған ұлы істерін дәріптеуге құлықсыздық танытуында қандай сыр бар?

Ұлт зиялылары жеме жемге келгенде жер сатуды қолдап шықты

Менің қадірменді руластарымның басым көпшілігінің

топастығын мойындамасқа лажым жоқ.

З. Фрейдтіңдосына жазған хатынан

Дерті терең меңдеген қоғамға жағыну –

саламаттылықтың амалы емес.

ДжиддуКришнамурти

Зиялы – қиянатқа төзбейтін адам.

А. Сахаров

Шаруаның өзін ғана емес, шаруадан шыққан зиялы атаулыны ұйымдасқансаяси күреске жұмылдыру оңай емес. Егер олардың арасынан санаулы адамдар саяси ұрандарғақосылатын болса, оны заңдылық емес, ескерту ретінде қабылдау керек. Мысалы,ауылдан ерте кетіп қалған, әулеттті зиялының отбасында тәрбиеленген,..

Адамды руханилықтың жоғары деңгейіне шығара алатынфакторлар,  ақпаратты қоғам, университеттіңбілімі шаруадан шыққан зиялының отанға қатысты ғана емес, жеке өміріне қатыстыперспективалы шешім қабылдай алуына септігін тигізе алмады. Қазақ зиялысы өзініңәлеуметтік тегіне тән, үрейге бой алдырған, батылсыз, биліктің интригалық әрекеттеробъектісіне айналған күйінде қала берді.

Қазақ зиялы қауымы аграрлы қоғамнан әлі қол үзбеген,индустриялы қоғамға толық иек артпаған, формациялар аралығындағы диффузиялықбелдеуде тұр. Олардың арасында прогресшіл ойлай алатын адамдар да жоқ емес.Бірақ өте аз. Көпшілігі билікке жағыну қамымен ғана өмір сүріп жатыр. Олардыңындыны – парамен мансап алу, мансап алғаннан кейін пара алу.

Қазақ зиялыларының өткен ғасырдың 30-жылдарындағы бірінбірі сыртынан айдатуының бұқаралық сипат алғаны баршаға белгілі. Қазіргі қазақзиялылары да сол дәстүрден айныған жоқ. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардың өзіндеолардың бұқаралық наразылық әрекеттеріне алғашында қосылып алып, артынанбиліктегілер «сүйек тастағанда», сытылып шығуы мысалдары аз болған жоқ. Сатқындық– шаруадан шыққан зиялының менталитетінің айшықты көрінісі.

Адамның сөйлеген сөзі мен атқарған ісіне жауапкершіліккритерийлерінің бірі моральдық қамтамасыздықделінеді. Өзін өзі сыйлайтын әр шенеунік, әр зиялы талқыланып жатқан мәселеге қатыстықалыптасқан ахуалды тура жауаптан қашпай, анық талдап, түсіндіруге міндетті.

Қоғам өмірінде, әсіресе, шенеунік пен бұқара арақатынастарында,билік адамының біржақты ақпарат беруі, сыни мезеттерден тайқып тұруы, жауаптыкезеңде, сөздің тура мағынасында, қашып құтылуға ұмтылуы сияқты жағдайлар ұшырасыпотырады. Жауапты адамдардың мұндай қылықтары олардың өздерінің кәсіпқойлығына,адами қасиеттеріне көлеңке түсіреді. Моральдық қамтамасыздықтың болмауы – іс жүзінде,адамгершілік деңгейдің төмендігін айғақтайды. Адамгершілігі қамтамасыздықтағышенеунік ашықтық және жариялылық жағдайында, өзінің қоғамдық қызметі аясындатуындаған барлық өзекті сұрақтарға тайсалмай жауап беруге, қадірін сақтап, көпшілікалдында абыройын жоғалтпауға тиіс.

Менталитет– адамның сенситивтік жасында (12 жасқа дейін) жұқтырғанәдеттерінің жетегімен атқарып жатқан санасыз қызметі. Ұрлық – бала кезінде жоқшылық көрген адамның менталитетінің көрінісі.

Жалпы кедейлік феноменінің кесірлілігі мысалдары қоғамдыбасқарудың дүниежүзілік практикасында аз ұшыраспайды. Дүние жүзінде жемқорлықамейілінше батқан елдерді басқарып отырған адамдардың тегіне қарасақ, олардың бәрініңәлеуметтің түбінен шыққандар екеніне көз жеткіземіз. Бұлар – коммунистер,социалистер және басқа кедей таптардан шыққандар. Керісінше, жемқорлыққа меңдетпегеннемесе ол мейілінше мардымсыз көрініс беретін елдерді дерліктей аристократтардыңнемесе әулетті зиялылардың тұқымдары басқарады.

Ақсүйектен – ізгіниетті қайраткер, кедейден – ұры шығады.Бұл – Шығыста Күң Фузы, Батыста Платон айтып кеткен, содан бергі ұлылар талай қайталаған,тарихи практикада ақталған қағидалардың бірі. Қазақ дүниетанымында да осы қағидаменүндестік бар. Қазақ айтады: «Ит жоқта шошқа үреді қораға, би жоқта құл жүредіжораға» немесе «Құм жиналып тас болмайды, құл жиналып бас болмайды».

Бұқар жыраудың Абылай ханға:

«Аталыдан би қойсаң,

Адаспас жол мен жорадан.

Атасыздан би қойсаң,

Босанбас аузыпарадан».

немесе

«Ақсүйекті қор тұтқан,

Қараны онан зортұтқан,

Сорлы болған қазағым,

Тартарсың содан жазаңды» дейтініде содан.

Қоғамды басқарудың элиттік теориясының астарына үңілеотырып, қазақ шенеуніктерінің жемқорлаққа белшесінен батып отырған күйін түсіндіруқиын емес: Қазақстан билігіне, көбінесе, әлеуметтің түбінен шыққан, балакезінде нанға аузы жарымаған, отбасында салауатты тәрбие көрмеген адамдар жиналған.Абылайдың түсіндегі «ұсақ жәндіктердің» немесе Абай сипаттаған «өңшең қиқымдардың»ұрпақтары осылар.

Биліктегі сұғанақтарға «Отан», «атамекен», «ел», «ұрпақ»,«азаматтың құқығы», «ашықтық», «ар», «адамгершілік»,… ұғымдары жат. Сондықтан қазіргібилік құрылымдарында «мен халық игілігіне қол сұқпаймын, өзгелерге де ондайғажол бермеймін» деп немесе «мен адамды жоғарғының нұсқауымен емес, заңныңталабымен соттаймын» деп айта алатын адамдар бар екеніне ешкім сенбейді. Бұрынондай адамдар болды, бірақ, біртіндеп азая берді. Қазір «қара қарғалардың»арасынан «ақ қарғаларға" орын қалмаған сияқты. Соңғыларының көбі жойылыпкетті. Қазіргі әкім-қаралардың денін құрайтын, «балақтан басқа шыққандар»ұрлықты тоқтатудың қамын ойлап жүрген жоқ.

Соңғы кездері қазақ публицистикасында «отан сату» деген ұғымпайда болды. Бұл «термин» белгілі деңгейде қазіргі шенеуніктер мен олардың одақтасынаайналып алған кейбір зиялы аталатындарың әрекетінің мағынасын айқындайды. Олартек өздері ғана сатылмайды, өзгенің бәрін сатады. Соның ішінде «Отан» ұғымына парапаржерді сатуға құлшыныс көп. Жер сатудың түрлі қитұрқылары мен айлаларын біріненкейін бірін алға тартып, өңмеңдей түсуде. Кезінде БАҚ беттерінен тамақтары қарлыққанша«жер сатылмасын» деп, өкірештеген зиялы арасынан шыққан депутаттардың жеме-жемгекелгенде жер сату туралы заңды түгел қолдап шыққаны ел есінде.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: azattyq.org

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега