Саясат

Билікке өктем сөйлейтін дуалы ауыздардың үні бәсеңсіді

Бұқаралық санадағыметаморфоза(Н. Тесланыңформуласы бойынша)Резонанс пенвакуумның сырын түсінсеңіз, сіз бүкіл дүниенібилеудің кілтін қолға аласыз.

Jasalash.kz

Никола Тесла

Қазір Қазақстан билігі бұқаралық санадағы қарсылық идеясыатаулыны түгел сүртіп тастау мүмкіндігіне ие болып отыр. Саяси ұйымдардың құрылуына,олардың заңды тіркеуден өтіп, әрекет етуіне шектеу қойылды. Халық өзініңдауысын билікке жеткізе алмайтын болды, адасқан қаздай, айдалада қаңқылдап қалды.Өктем сөз сөйлейтін дуалы ауыздардың да үні бәсеңсіді. Әділетсіздікке қарсыидеяларға бой алдыратын, жекелеген адамдардың көпшілік бұқарамен байланысы үнемінашарлау үстінде.

Мұндайдың себебі неде? Қандай күш бұқаралық сипаттағыдаму ағысына кесе көлденең шығып, дүниетанымды теріс бұрып жібере алды? Қазақтың санасын үйқамақта ұстауғамәжбүреткен қандай күш?

Әрине, ондаған мың адамдар қатысқан митингілер мендемонстрацияларды бақылауда ұстау үшін түрлі психотропты элементтер немесе өзгерегуляторлар қолданылатыны белгілі. Ал Қазақстандағы тыныш тіршілік жағдайында,кең ауқымда ерекше бірдеңелер қолдануға қажеттілік болған жоқ. Авторитарлықбилік әкімшілік арсеналды ғана қолдана отырып, белсенділігі қажетті деңгейгежете қоймаған бұқараны сүреңсіз тобырға айналдырып жіберу мүмкіндігіне иеболды. Мұндайды Н. Тесланың резонанс және вакуум туралы формуласына сүйене отырыпжүзеге асыра алды.

Резонанс – табиғатта ғана емес, қоғамда да үнемі көрінісберіп отыратын құбылыс. Өйткені, қоғам – табиғаттың бір бөлігі. Табиғатта болғанныңбәрін қоғам өмірінен де ұшырастыруға болады. Н. Тесланың формуласы бойынша қоғамдағырезонанстың заңдылықтарын меңгерген билік қоғамдық сананы да қалаған жағына бұраалады. Осы әдісті авторитарлық режимдер статус-кво жағдайынан айырылмаудың құралыретінде тиімді пайдаланып отыр.

Қазіргі билік иелері де бұқаралық санадағы резонансты қалағанжағына бұрып, тіпті кері бағыттап жіберуді де меңгеріп алған. Тәуелсіздіктің алғашқыжылдарында Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік белсенділігі недәуір жоғары еді.Ол кезде 15 млн қазақстандықтардың, басым көпшілігі, әрине, толыққанды демократболып кетпесе де, «америкалықтар сияқты өмір сүріп», еңбек етуге дайын болатын.Ол кезде тұрғындардың маңыз аларлық бөлігі саяси акцияларға, соның ішіндеоппозициядағы қайраткерлер ұйымдастарған митинглерге де, қатысуға ниеттіболатын. Бұл біздің биліктегілерге ұнамады. Олар қоғамдағы рухани резонанстың дүмпуінқолдамады. Халықтың әлеуметтік белсенділігін басып тастауға барын салды. Бұлойларын жүзеге асыру үшін билік иелері түрлі антирезонанстық тетіктерді іске қосабілді.

Қазіргі билік иелері қоғамдықпрогресті қамтамасыз етуге тиісті тетіктерді кері мақсатта пайдаланып отыр. Бұлжерде сөз білім мазмұны, мәдениет жәнебаспасөзматериалдары туралы болып отыр. Биліктің бұқаралық санадағы метаморфозасы рухани өрлеуге бастайтын факторларды,керісінше, санаға түсетін саңлауды жауып тастауға қызмет еткізе алуынанбайыз табуда. Осылай әлеуметтік-психологиялық диссонанс қалың тұман секілді, қазаққоғамының аспанын торлап алды және қазір өзінің ғажайыптарын пәш етуде. Руханитоқырау алдымен қазақ тілі рецессиясынан, сол тілде жасалған мәденеттің шаңастында қалуынан және бұқараның белсенді саяси әрекеттерден жырақтап қалуынан көрінісберуде.

Тұрғындардың әділетсіздікке қарсылық көңіл күйін шайып тастау үшін әлеуметтік-психологиялықтұрғыдан тыңғылықты ойластырылған, кең ауқымды, жанжақты жоспарланған шараларжасалуда. Бұл трендті жүзеге асыруға бағышталған арнайы әдіснама іске қосылған.Ендігі мәселенің өзектісі мынада: бұқараның дүниетанымын кеңейтуге, әлеуметтікбелсенділігін арттыруға тиісті тетіктерді кері бағытқа жұмсау амалдарын зерттепалмай, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалдың сырларын түсіну мүмкінемес.

                                                  *****

Авторитарлық билік әр кесірлі әрекетін ізгі ұрандарды бүркене отырыпжасайды. Қазіргі таңда рухани жаңғыру ұраны астында атқарылып жатқан шаралар шеңберіндеалгоритм алмастыру әдісі «тиімді» пайдаланылуда. Оның мәні мынада: ресми ақпараткөздерінің түсіндіруінше рухани жаңғыру дегеніміз – көне мазарларды жөндеп көрсету;табиғаты сұлу жерлерді тамашалау; киелі орындарға бару; жаңа кейіпкерлермен танысу(100 жаңа есім); шетелдің оқулықтарын іріктеп аудару; жерлестер форумдарын өткізу;текемет жасауды, бауырсақ пісіруді, асық ату әдістерін,… жарнамалау; көбінесе,тұрмыстық дәстүрлерді нәсихаттау болып табылады. Әрине, мұндай шаралар дакерек. Балалар үшін олардың біршама танымдық рөл атқаратыны рас. Алайда, аталғаншаралар кешенінің тұтас бұқараның рухани жаңғыруына қатысы шамалы екенін атап өтукерек. Бұлар қоғамдық сананы жетілдіру тетіктері бола алмайды. Мұның мәнін түсінуүшін алдымен қоғамдық сананы жетілдіру дегеннің өзінің не екенін, неден көрінісберетінін түсініп алып алу керек.

Қоғамдық сананың жетілгендігіалдымен қатардағыадамның дүниетанымын кеңейтуден, дүниені сезінуін жетілдіруден, адамның өзін қоршағандүниедегі орнын анықтай білуінен, шынайы құндылықтарды ұстануынан, жалпы мәдениетті,соның ішінде саяси-құқықтық мәдениетті меңгеруінен көрініс беруі керек. Бұғанморальдық-адамгершілік жағынан жетілуді, эстетикалық сананың биіктеуін қосукерек. Бұл трендтер жас ұрпаққа берілетін білім, көркем әдебиет пен өнер, ғылыми-публицистика,баспасөз материалдары арқылы жүзеге асырылады. Адамның рухани жетілу деңгейінің өлшемі ретінде оның әлеуметтікбелсенділігін алуға болады.

Ал бізде, керісінше, мәдениет мәдениетсіздік деңгейді ұстап тұру үшін,білім беру жүйесі білім бермеу үшін, БАҚ бұқаралық сананы оятпау үшін пайдаланылуда.Қазақстан билігі шығармашылықпен қол жеткізген, рухани саладағы метаморфозаныңайшықты көріністері осылар болып табылады. Енді солардың қоғамдық практикада көрінісберу мысалдарына тоқталайық.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы»мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: azh.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега