Билікпен ешқандай да келіссөз болуы мүмкін емес
Диссидент-ақын Арон АТАБЕКТІҢ жары Жайна АЙДАРХАНМЕНалғаш рет осыдан 6-7 жыл бұрын таныстым.
Абақтыда жатқан ақын жайлы сюжетәзірлеп жүрген кез еді. Біз екеуіміз Сейфуллин мен Шолохов көшелерініңқиылысындағы бақта кездестік. Мен бұл жерді Сталин бағы деп атаймын деп бастағанәңгімесін Жайна. Күзгі аспанның жүзі лайланған, дала ызғарлы еді. Қолын сермептұрған күн көсемнің тас бейнесіне қарап отырып Жайна отбасының диссиденттікжолын баяндаған еді. Содан кейін де біз жолығып тұрдық. Әріптес екеніміздібілген соң әдебиет жайлы әңгімелер айтатын болдық. Ол маған орыстың ғажапжазушысы Леонид АНДРЕЕВТІҢ әлемін ашты. Мен Жайна Айдархамен көптен берікөлемді сұхбат жасауға ынталымын. Алайда біздің кейіпкеріміз қазір мүмкіндігіжоқ екенін айтады. Бүгін facebook.com желісінде аз-кем әңгімелесіп қалған едік.Соны Жайнаның рұқсатымен жариялап отырмыз. Алдағы уақытта көлемді сұхбат беругеәудесін берді.
– Жайна, сізбен сұхбатқа келісуге біразуақыт кетті. Десе де келіскеніңізге рақмет. Неге сұхбат беруден қашасыз?
–Тоғызыншы мамыр күні БАҚ екіншідүниежүзілік соғыс жайлы жаза бастайды. Ал Арон Атабекті журналистер тек 14 шілде күні ғана еске алады. Бәрінауқаншыл. Менің жаным ауырып жүр. Денсаулығым болмай жүр. Осындай себептерменжурналистерге сұхбат беруге аса ықыласты емеспін. Сондай-ақ, менің бастыміндетім балаларымды бағып-қағу. Арон Атабектің амандығын тілеу. Оның түрмедендін аман оралуын күту. Сол үшін менің көп жағдайда үнсіздігім қажет.
–14-шілде сіз үшін қандай күн?
– «Шаңырақ оқиғасы» халықтың оянуы менреволюцияның бастауы.
–Сол күні қайда болдыңыз?
–Үйде балаларыммен бірге болдым.Бақайдағы үйлер сүрілмей тұрып мен Шаңырақта қан төгіс болатынын білдім.Өйткені жағдай соған бара жатыр еді.
–А. Атабекпен қалай таныстыңыздар?
–Бала жастан дисиденттік ойлармен күнкештім. Советтік режим әрбір адамды тұншықтыратын. Әкем түн жамылып Азаттықрадиосын тыңдап отырушы еді. 1989 жылы қарсылық акцияларына қатыса бастадым.Сол кезде Арон шығарып жүрген газет қолыма түсті. Оның стилистикасы, ойларыұнады. Авторы кім екен деген ой келді. Советтік жүйеге қарсы өткенмитингілердің бірінде мені қамамақшы болды. Мені Құдай қақты. Қолына балаұстаған өзін ақтөбелікпен деп таныстарға бейтаныс жігіт арқылы мені құтқаруғакелді. Сол жігіт маған үйге барма деп кеңес берді. Және бір мекен-жайды беріпсол жерде сәл аялдай тұру керектігін айтты. Мен сөйтіп Арон Атабек шығарыпжүрген «Алаш» газетінің редакциясына тапболдым. Сол жерде таныстық.
–Соңғы рет күйеуіңізден қашан хабаралдыңыз?
Былтыр 2018 жылы хат алдым. Содан бері бірде-бір хатыкелмеді.
–Қателеспесем, бір кездері Арон Атабеккеараша сұраған ұжымдық хат экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА жолданып еді.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА хат жазу ойыңызда жоқ па?
–Ондай хаттарды жоғарыдағылар әжетханағапайдаланады. Асылы жазықты адам ғана кешірім сұрайды. Арон Атабектің отбасы бұлжүйеге өтініш жасай алмайды. Арон бұндай әрекетті құп көрмейді. Керісінше ашуынкелтіреді. Менің де позицияма қайшы. Қазіргі саяси жүйемен ешқандай да келіссөзболуы мүмкін емес.
–Сіздің жазу өнеріне икеміңіз бар. Бірнәрсе жазып жүрген жоқсыз ба?
Жазуға мүмкіндік жоқ. Уақыт тіршіліктің иелігінде.Денсаулық жағы да бар. Саяси сатира жанрында жазылған бір кітап дайын тұр.Біразы «Дат» пен «Казахская правда» газетіне шыққан. Оны оқыған көп оқырманыммен үшін алаңдады. Назарбаев жайлы былай жазу қауіпті екенін айтты. Меніңжазғандарымды қарапайым оқырмандармен қатар Герольд БЕЛЬГЕР, Мұрат ӘУЕЗОВсияқты азаматтар ұнатты. Кейін памфлеттерімде былапыт сөздер пайдаланыпоқырмандарымды шошытып алдым. Шығармашылығымды Ербол ҚҰРМАНБАЕВ та жоғарыбағалаған. Кітабымды Болат ӘБІЛОВ шығарып бермек болған еді. Денсаулығымабайланысты қолжазбамды баспаға дайындап бере алмадым.
Фото: azh.kz