Бір күнде 231 адамның пневмониямен ауырғаны анықталды
6 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы тіркелді. Оған қоса 51 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар — 38 721, 406 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 014 жетті.