Қоғам

Бір қойды 83 рет көтерді

Атырау облысында Құрбан айт мерекесі тойланып, аз қамтылған, әлеуметтікжағдайы төмен отбасыларға көптеп көмек көрсетілуде.

Jasalash.kz

Атап айтсақ, қасиетті Құрбан айттыңалғашқы күні ғана орталық «Иманғали» мешітінде үш жүз отбасыға құрбан малыныңеті таратылды. Оны «Иманғали»мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат МҰСТАФАЕВ бастаған ұстаздар тобы келушілергеөз қолымен тапсырды. Бұдан бөлек, «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде бес жүзден астамжамағатқа мерекелік дастархан жайылып, екі жүздей отбасынақұрбан малдың еті таратылды.

«Бұл күні біз балалардыда қуантқанды жөн көрдік. Сол себепті, бүлдіршіндер үшін мешіт атынан арнайысыйлықтар дайындалды», — дейді «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің бас имамы ЕржанҚАҒАЗҒАЛИЕВ.

Сондай-ақ, мереке құрметіне Атыраудың бас мешітінде ұлттық спорт түрлері бойынша жарысөтті.Қой көтеру сайысында қой малын бір демде 83 рет көтерген МаратОРАЗҒАНИЕВ, кір тасын (гири) көтеруден сексен бес деген көрсеткішке тоқтаған БақтыбекБЕКТИМИНОВКЕ, қазақша күрестен жауырыны жерге тимеген Ибрагим ГУСЕЙНОВТЕРжеңімпаз атанды. Басты орынды иеленген жеңімпаздардың барлығына қой малы,келесі орындардың иелеріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды. 

Қазіргі күні Меккеде қажылық сапарда жүрген Қазақстан мұсылмандары дінибасқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Басимамы Батыржан МАНСҰРОВ көпшілікке ұлық мереке — Құрбан айттың басталуынабайланысты бейнеқұттықтау жолдады.

  

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега