Без Категории

Біртанов: Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды

13 наурызда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтан (бір әйел, бір ер адам) коронавирус табылды, олар стационарға жатқызылды деп мәлімдеді.

Jasalash.kz

— Олар Алматыда стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, олар 9 және 12 наурызда ұшып келген. 12 наурызда ұшып келген жолаушылардың барлығы карантинге жіберілген. Ал 9 наурыз күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу жағын қарастырып жатырмыз деді министр.

(Жаңалық толықтырылады).

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега