Сараптама

Біржылдық бюджет: Қаржыға прокуратура мен парламент қана мұқтаж ба?!

Жүйеніжөндейміз Еліміздің қаржы министрлігі «2020 жылғаарналған республикалық бюджетке қатысты президент жарлығын іске асыру туралы» үкіметқаулысының жобасын жария етті.

Jasalash.kz

Құжатқа сәйкес, үкімет «2020 жылға арналған  республикалық бюджеттік инвестициялардыңтізбесін» бекітпек. Бізді қызықтырғаны, бюджеттің 139,2 млрд теңгесі әртүрлібағыттарда шығындалмақ.   Мысалы, бұл соманың ішінде  27 миллиард 409,7 миллион теңгені қаржы министрлігіақпарат жүйелерін қалыпқа келтіруге жұмсайтын болады. Аталмыш ведомствоныңақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға 8,7 миллиард, қазынашылық комитеттіңақпараттық жүйелерін дамытуға 7,1 миллиард, салықты әкімшіліктендірудіңинтеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, ендіру және дамытуға 1,1 миллиардтеңге жұмсалады.

Ең қызығы, қаржы министрлігі бюджеттен осындайжайттарға 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлгізіп алып жатса,  ішкі істер министрлігінің төтенше оқиғаларменкүрес органдарына «табиғи және техногенді сипаттағы апаттардың салдарын жоюға»бұдан екі еседен аз сома – 11,2 млрд теңге ғана бөлінбек. Есеп комитеті деөзінің интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуға деп, 121,9 миллион теңгеалатын болса, бас прокуратураның «Электронды іс» ақпараттық жүйесіне бюджетқаржысынан 1 миллиард 586,3 миллион теңге берілмек. Сондай-ақ биыл республикалықбюджеттен мәжілістің сарайын әсемдеп, жөндеуге 93,2 млн теңге бөлу де қарастырылған.

Байыбына барып, бағамдап көрелікші. Наққазіргідей елдің басына сын түсіп отырған төтенше жағдайда жоғарыда аталған салаларғабюджет қаржысын бөлу қаншалықты маңызды? Әр саланың электронды ақпараттықжүйесін жетілдіруді жыл сайын  жолғақойып келеміз емес пе?! 2017 жылдан бері «Қазақстанды ақпарат алмасу кеңістігікең сиқырлы елге айналдырамыз» деген «Цифрлы Қазақстан» жобасының өзі биыл сынсағатта істен шығып, халықтың табасына қалды емес пе?!

                                 Сарайды сәнгекелтіреміз

Жалпы, қазіргідей төтенше жағдайда мәжіліссарайын бюджеттен қаржы алып мәйпаздап жөндеп берудің не қажеті бар?! Ал баспрокуратураның ақпараттық жүйесін жөндеу үшін бюджеттен миллиардтаған қаржыбөлу қисынға келе ме?!

Бұл ретте «Жас Алашқа» пікір білдіргенэкономист-қаржыгер Ілияс Исаевтың айтуынша, бұл да бір биліктің «қысылғаннан қыз болдық» деген әрекеті тәрізді. «Қазіргідейсын сағатта биліктің ең маңызды қадамының бірі  халықты жұмыссыз қалдырмау, жүдетпеу болыпотыр. Осындай жағдайда халықты жұмыспен қамту үшін  инвестициялық және инфраструктуралықжобаларды ойластыруға тура келеді. Үкіметтің мәжіліс сарайын жөндеуге қатысты қаржыбөлуді жоспарлап отырғанын мен «жұмыссыз қалған халықты жұмыспен қамтудың бірамалы» деп ойлаймын. Себебі қазір құрылыстың көпшілігі тоқтап қалды. Ал халықтыжұмыспен қамтамасыз ету керек, сол үшін осындай жұмыс орындарын тауып беругетура келіп тұр. Үкімет сондықтан да осы қадамға  барып отырған болуы керек», – дейді ІлиясИсаев.

 Маманның пайымынша, үкімет мұндай қадамғабармаса, онда бюджетке кіріс кіргізу одан әрі қиындай түседі. Қазіргіқалыптасып отырған жағдайға байланысты үкімет біраз жобаны кейінге қалдырды.Өндірістік ошақтардың бірқатары жұмысын тоқтатты. Сондықтан болашақта  жұмыссыздар саны артып, зейнетақы қорына ақшааударылмай қалса, табыс салығы бюджетке түспесе, қазынаға кіріс те кірмейді. «Міне,осы жағынан алғанда бұл суға кетіп, тал қармап қалмау үшін жасалған қадам», –дейді маман.

                                         Карантин– каникул емес

Хош, мәжіліс сарайын жөндеу мәселесі елдегіқұрылыс саласына дем беріп, жұмыссыздықты төмендетудің,  құрылысшыларға жұмыс тауып берудің бір жолыделік. «Бірақ осыған орай, елдегі халық қалаулылары өз міндеттерін дұрыс атқараалып жатыр ма? Олар онлайн түрде болсын қайта-қайта ел алдына шығып, мұндай сын сәтте неге халыққа демеу, қолдаубілдірмеске» деген сауал туындайды

  Заң ғылымының кандидаты АрдақСейдахметованың айтуынша, қазіргі сәтте халық әрбір үкімет мүшесінің қадамын жітібақылап отыр. Соған қарай үкімет мүшелері де халықтың сеніміне енуге тырысқаныабзал.

                                      Қырғызданнеге үлгі алмасқа?!

– Қазірбіздегі үкімет мүшелерінің әбжілдігі сыналып отырған шақ. Депутаттардың халыққажақындығын мына нәрсемен-ақ салыстыруға болады. Мысалы, Қырғызстан депутаттарысәуір мен мамыр айларының еңбекақысынан бас тартты. Қырғыз мәжілісі «елдемынадай жағдай болып жатқанда екі ай жалақы алмаймыз» деді. Ал біздің депутаттарбұл жағдайға байланысты біркүндік жалақысын аударды. Міне, біздегі жағдай осы.Меніңше, бюджеттен 100 млн теңгеге жуық қаржыны парламент сарайын жөндеуге бөлгенше,парламентте отырған депутаттардың санын көмекшілерімен қоса қысқартып,әрқайсысына 1 млн теңгеден жалақы бергенше, жалақыларын 200 мың теңгегедейін  азайтып қойса, бюджетке осы үнемдіболар еді, – дейді заңгер.

    Расымен де, біздегі мәжілісмендердіңжағдайы қырғыз депутаттарымен салыстырғанда жоғары. Біздің депутаттарғамемлекеттен қызметтік көлік беріледі, пәтермен қамтамасыз етілген, жоғарыжалақылары бар, бизнеспен айналысуға да мүмкіндіктері бар. Ал заңгер АрдақСейдахметова мысал еткен  Қырғыз елініңүкіметі  депутаттарына мұндай жағдайжасай қойған жоқ. Егер  біздегі депутаттардыңжағдайы жайсыз болса, Косарев сияқты мәжілістегіақсақалдар 83-ке келсе де, депутаттық мандатын қимай жүрмес еді ғой.

                             Елді жүйе емес, ауыласырайды

 Әрі қарай айталық, мәжілістіңреконструкциясы өз алдына, ал енді бас прокуратураның ақпараттық жүйесіне 1млрд 586,3 млн теңге бөлу қазіргі сәтте қаншалықты қажет болып отыр?! Баспрокуратураның «Электронды іс» жүйесіне бөлінетін осы соманы естіп, кейбірсаясаттанушылар да қитығып кетті. «Халық көшеге шықса, наразылығын айтса, оныбасу үшін бас прокуратура жанығып жұмыс істейді. Бас прокуратураның ақпараттықжүйесіне қаржы жеке адамдардың мәліметін нақтылап алу үшін де қажет болыптұрған шығар. Өз басым прокуратураның электронды жүйесіне қаржы бөлгенше,  ауыл шаруашылығы саласына, қарапайым заттарэкономикасын дамытуға, өндірісті дамытуға қаржы бөлгенді жөн санаймын. Себебіболашақта халықты тығырықтан бас прокуратураның ақпараттық жүйесі алыпшықпайды. Қиындықта елді ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін дамыту, отандықөндірістің өнім шығару қабілетін арттыру ғана құтқарады», – дейді саясаттанушыЖанай Өмірзақов.

 Ақиқатында, осы сөздің жаны бар тәрізді.Қазір біз үшін маңыздысы отандық өндірістің үлесін арттыру екенін біз бұданбұрын да жазып, айтып жүрміз. Осыған байланысты экономист, қаржыгер Ілияс Исаевта бұл дағдарыс біз үшін беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін алға тартты.  «Алдымызда ауыл шаруашылығын қаржыландырумәселесі тұр. Су тасқынының салдарын болдырмау үшін қаншама қаржы бөлу керек.Дәрігерлердің үстемеақысын беру қажет,  жалақысын да көбейткен жөн. Төтенше жағдайдажұмыссыз қалған халыққа 42 500 теңге бөлу бар. Біз бұл әлеуметтік төлемді  қанша сынасақ та, үкімет шамасының жеткенжері осы болды. Аңғарғанға қазір импорт алмастыратын мүмкіндік туып тұр. Бұрын тынышзаманда  шет мемлекеттерге «сеніңимпортыңнан бас тартамыз» деп айта алмадық қой. Енді осыған мүмкіндік туып тұр.Үкімет осы сәтті құр жіберіп алмай мүмкіндікті пайдаланса, отандық өндірістіңқарқын алуына  жол ашқан болар еді.Қарапайым заттарды өзімізден шығаратын әлеуетіміз бар ғой. Осы сын сәттіпайдаланып отандық өндірісті қолдауды, өнім шығару әлеуетін дамытуды тетіккеқоса алсақ жарар еді», – дейді Ілияс Исаев.

Әрине, мамандар тарапынан айтылған ұсыныстарүкіметтің құлағына сіңіп жатса біз қуанамыз. Бірақ кей кездері саламамандары  ұтымды ұсыныстарын жоғарыдағылардыңқұлағының түбіне барып айтса да, мәселеден қорытынды шықпай жататынын тағыбілеміз.

  Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, басымбөлігі халықтың салығымен толығып отырған ел бюджетінің  қаржысын үкіметтегілер шашау шығармай,орнымен жұмсаса жөн болар еді.  Қазірмамандар қиын заманның алда екенін жиі айта бастады. Себебі әлемдік экономика бүгінніңөзінде әлсіреп, деміге бастады. Ендеше, бұған дейін бюджет қаржысын оңды-солдышашып жүрген қайсыбір шенеуніктер қазақтың «тойсаң тоба қыл» деген сөзінжадынан шығармаса  екен.

Тақырыпқа тұздық:

                Халық билік үшін өмір сүрмеуікерек

Осы орайда,«Жас Алашқа» пікір білдіргенмемлекет және қоғам қайраткеріАмангелдіАйталы ақсақалдың айтқанын оқырманға жеткізуді жөн көрдік:

– Қазір елбасына күн туып тұрған заман болып тұр. Халықтың бейқамдығы қатты алаңдатады.Төтенше жағдай жарияланғанымен, той тойлап, ойына келгенін жасап жатқандар бар.Адамның табиғатында инстинкт болады. Оның біріншісі – адам өзін-өзі сақтаукерек. Өзін-өзі ғана емес, айналасындағы адамдарды сақтандыру керек. Осыинстинкттің халықтың бойында өліп қалғаны мені қатты алаңдатады. Бейжай қарау,енжарлық басым. Бұл біздің болашағымыз үшін де қауіпті. Ұлтқа үлкен сын түсіптұр. Халықтың бойында билікке деген сенімсіздік басым. Бізде айтылған сөзі құнсызданыпкеткеннен кейін  билік Ұлттық сенімкеңесін құрды. Соның өзінде қоғамда сенімсіздік басым. Билік үшін өмірсүрмейміз ғой. Халық билік үшін өмір сүрмеуі керек. Өзінің сақтығын ойласа,сақтық шараларын алдымен көпшілік өзі қарастыруы қажет.

 Әлемде болып жатқан көрсеткіштерге қараукерек. Қытай бұл індетті жеңіп шықты. Қытай азаматтары «біздің демократиямыз –жауапкершілік» дейді. Олар демократияның өзін үлкен жауапкершілікке салып,бей-берекет шешім қабылдамайды. Міне, осы жауапкершілікке салғаннан кейін барыпҚытай індетті жеңді. Олар қиындықтарды сауатты шешіп келеді. Демократиясы бар,бірақ жауапкершілігі аз Еуропа бұл індетті, керісінше, асқындырып алды. Біздіңескеруіміз керек нәрсе – осы. Жауапкершілік әр адамда болуы керек. Ал елалдында жүретін азаматтарда жауапкершілік екі есе жоғары болуы қажет. Сонда ғанабіз қиындықты жеңіп шығамыз.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега