Саясат

Бишімбаев бостандықта

Бұрынғы ұлттықэкономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы vlast.kzсайты хабарлады.

Jasalash.kz

Бұл ақпаратты сайттілшілеріне экс-министрдің туыстары айтқан екен. Сондай-ақ отандық ақпарат құралдарына сотталушының адвокаты Мәди МЫРЗАҒАРЕВ та растаған. 2018 жылдың 14 наурыз күні судья Әділхан ШАХИСЛАМОВ Бишімбаевты ірі көлемдепара алды, өзіне тапсырылған мүлікті ысрап қылғаны үшін кінәлі деп тауып, онжылға бас бостандығынан айырды.

Экс-министр үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сотпроцесі 2017 жылдың қараша айында басталған. Онымен бірге айып тағылған 22адамның арасында «Бәйтерек Development» компаниясы басшысы Бақыт ЖАҚСЫБАЕВ,басқарма төрағасының орынбасары Аслан ЖАҚЫПОВ та болған. Бас-аяғы жиырма екі адамкүдікке ілген еді. Қуандық УӘЛИХАНҰЛЫ  2016 жылы сегіз ай ұлттық экономикаминистрі болды. 2017 жылдың 10 қаңтарында «топ болып алдын ала сөз байласуарқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған» деген күдікпен тұтқындалды.346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырғандеген айыптар тағылған.

Фото: zhasalash.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега