Бишімбаев он жылға сотталды
Бүгін бұрыңғы ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВҚА қатысты сот үкімі шықты.
Судья Әділхан Шахисламов оны ірі көлемде пара алды, өзіне тапсырылған мүлікті ысрап қылғаны үшін кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының тілшісі Оралхан ДӘУІТ хабарлайды.Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі былтыр қараша айында басталған. Онымен бірге айып тағылған 22 адамның арасында «Бәйтерек Development» компаниясы басшысы Бақыт Жақсыбаев, басқарма төрағасының орынбасары Аслан ЖАҚЫПОВ та болған. Бас-аяғы жиырма екі адам күдікке ілген еді.Қуандық Әулиханұлы 2016 жылы сегіз ай ұлттық экономика министрі болды. 2017 жылдың 10 қаңтарында «топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған» деген күдікпен тұтқындалды. 346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырған деген айыптар тағылған.Естеріңізге сала кетейік, бұрыңғы шенеунік осы жылдың сегізінші қаңтарында сот отырысы кезінде президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН Серік АХМЕТОВ(бұрыңғы Үкімет басшысы), Жақсылық ДОСҚАЛИЕВ(бұрыңғы Денсаулық сақтау министрі), Ерлан АРЫН(бұрыңғы Павлодар облысының әкімі) сынды кешірім сұраған болатын.
Фото:azattyq.org