Қоғам

Бишімбаев, Мәсімов және Перизат Қайрат рақымшылыққа іліге ме?

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қоғамда резонанс тудырған істер бойынша сотталған Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайратқа рақымшылық қолданылмайтынын мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөзден

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 78-бабында терроризм, экстремизм, мемлекеттік опасыздық, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін және қылмыстық топ құрамында жасалған құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салынған.

«Аталған тұлғаларға рақымшылық жасау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ және қарастырылмайды», - деді вице-министр.

Осылайша, қазіргі уақытта талқыланып жатқан рақымшылық актісі жоғарыда аталған азаматтарға қолданылмайды.

 

Сайт Әкімшілігі