Қоғам

Бишімбаев: Мен тағылған айыпты мойындамаймын

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

Фото: из открытых источников

Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кінәсін тағы да мойындамады.

Құрметті сот, мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмағанын айтқым келеді. Қазір прокурорлар оқығандардың бәрі ойдан шығарылған, нақты айғақ болып табылмайды. Сондықтан мен тағы да айтамын: 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен оны мойындамаймын. Мен "адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтірген жоқпын. Мен өз ұстанымымды білдіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін - деді Бишімбаев.

Ал, прокурор Бишімбаевтың Нүкеноваға үнемі физикалық зорлық -зомбылық көрсетіп келгенін мәлімдеді. 

Бишімбаев физикалық артықшылығын пайдалана отырып, Нүкеноваға жүйелі түрде қатыгездікпен ар-намысына тиісіп физикалық зорлық-зомбылықты қолдана бастаған. Атап айтқанда оның денесіне жұдырықпен және аяқпен дене жарақатын салған. Осылайша жүйелі түрде оған физикалық зорлық көрсеткен", - деді мемлекеттік айыптаушы. 

Айта кетейік, Бишімбаевтың ісі бойынша судья Айжан Құлбаева. Ол бұған дейін Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевқа, журналист Махамбет Әбжанға қатысты істер және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің істерін қараған. 

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі 

Т. РАУШАНҰЛЫ