Саясат

Бишімбаев ісі бойынша Бақытжан Байжановқа үкім шығарылды

Астанада Салтанат Нүкенованың өлімін жасырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты.

Фото: Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

Прокурорлар Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы – «Қылмысты жасыру» бойынша айып тақты. Бұл бап 6 мың АЕК-ке дейін ( 22,1 млн теңге) айыппұл салу, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады.

Алқабилер Бақытжан Байжановты ағасы Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 мамырда Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты. Ол бейнебақылау камерасының бейнежазбаларын өшіруге бұйрық бергенін мойындады, бірақ ауыр қылмыс жасалғанын білмегенін айтты.

Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

Т. РАУШАНҰЛЫ