Қоғам

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны әкелік құқығынан айыруға ниетті 

Бұрынғы экономика министрі Қуаныдық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Қаһарман Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағымданды. Ол балалардың өмірінен  «қанішердің баласы» деген атауды өшіруді көздейді.

Фото: ашық дереккөз

Қаһарман өз арызы бойынша бір рет бас тарту алғанын айтады. Уәждемелік бөлімде Салтанат Нүкенованың Бишімбаевтың заңды әйелі болмағаны, сәйкесінше оның туысын немесе отбасы мүшесін өлтірмегені айтылған.

Балаларға да фамилиясын өзгертуге рұқсат етілмеді.

«Мен көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бас тарту әділетсіз болды. Осы жерде мен қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа біздің арызымызға назар аударуға шақырамын», - деді Қаһарман.

Nazym Sapar
Тегтер: Бишімбаев