Баған

БІз кімге сенеміз?

«Жас Алаш» газетіне президент Қасым-Жомарт Тоқаевқаназ айтқан бір топ ақсақалдың атынан хат келіпті.

Jasalash.kz

Аманатқа қиянат жасамай,хатты ықшамдап жариялауды жөн көрдік. Орфоэпиясы мен пунктуациясы сақталды.

     Қазақстан Республикасының президенті

      Қасым-Жомарт Тоқаев жолдасқа!

 Сіз президентболғаннан кейін, 2019 жылдың 13 сәуірінен бастап, жалпы, қарапайым кедейліксаласында жүрген көп халықтың арман-тілегін бір емес, бірнеше рет өз атыңызғажазып жіберіп едік. Сол жазған өтініштерімізден  бері біржыл өтті, еш нәрсе шешілмеді.

 Қасым-ЖомартКемелович! Мына жазып, ренжіп отырғанымыз тіпті айтуға тұрмайтын адам өміріменбірге жүретін ұсақ мәселе ғой. Жазба түрде, бүкіл құзырлы орындардыңбасшыларына «жеке адамдарды әр жеті сайын қабылда» деп екі ауыз сөз жазсаңызбітті. Орындалады. Басшылар жай халықты көрмегендіктен, оларменсөйлеспегендіктен, адамдар митингіге шыққысы келеді. Осыны түсіну қиын ба?Митингіні ұнатпайсыздар. Полиция ұрып-соғып, басын жарып, қолын сындырып алыпкетеді. «Бейбіт митингіге рұқсат болу керек» деп, президенттік таққа отырғанкүні айтып едіңіз.

 Осы өткен 30жыл бойы қу жанымызды тісімізге тістегендей қиындықпен өмір сүріп кележатқанда, Сіздің президент болғаныңызға халық қуанып, жақсы тұру жағдайынойлайтын адам келді деп, өркениетті жастарымыздың жұмыс орны болып, ешбірқайғысыз өмір сүретіндігіне дәмеленіп еді. Көпшілікке жетерліктей, бірденәртүрлі жұмыс орны бола қоймайтынын білеміз. Дегенмен бұрынғы бар болғанзавод-фабрикаларымыз бен өндіріс орындарын біртіндеп, аздап болса да іскеқосса, жастарымызға жұмыс орны ашылады ғой. Оларды жеке адам алып қойса,мемлекеттің өзіне керек болды деп қайтарып алуға болатын заң бар. Басқашаболмайды. Жастарымыздан айырылып қаламыз, қазақ саны кеміген үстіне кемиді.

 Кейінгі 5-6жылда елімізден жылына 50-60 мыңнан астам әртүрлі мамандықта оқу бітіргенжастар шетелдерге жұмысқа кетіп жатыр. Бұл жағдай мемлекетімізге абырой әпереме? Ал мұндағы қалған әке-шешесі уайым-қайғысыз тыныш өмір сүреді деп ойлайсызба? Шетелге кетіп қалған жастардың, осы өз елінде қалған үлкендері,әке-шешелері, бұл өмірден ерте ме, кеш пе, кеткенде оларға топырақ салатын адамболмайды. Мұндай кешірілмес ауыр жағдайды бір басшы ойлап отырған жоқ.

  Президент мырза! Осы жағдайды жақсылапжоспарлап, бюджеттен бөлінетін ақшадан өзінше бөлек бір графа аштырып, жастарүшін жұмыс орнын тез арада ұйымдастыру керек. Басқаша болмайды, жастарданайырылып қаламыз. Сосын кілең пенсионерлерді бағып отырамыз. Тіпті жаңаданжұмыс орны ашылғанша, жоғары оқу орындарынан маусым, шілде айына қарай оқубітіретін жастардың мамандығы бойынша тізімін алып, түрлі мекемеге, фирмағаорналастыра тұруға болады ғой. Әбден болады. Оқу орнына не керек, студенттіңақшасын алып, әйтеуір «3» деген бағасын қойып, дипломын беріп, қайда барсаңсонда бар деп таратса болды. Студент түк сезбесе де, 3-ті қойып береді. Олайболмаған жағдайда студент кетеді, оқу орны ақшасыз қалады. Сондықтан бес жылбойы үштік бағамен болса да, ешкімді үйіне қайтармай ұстайды. Ал, шындығынакелгенде, жекеменшікке айналған оқу орындарын тез арада жабу керек. Олардыңоқытып шығарған мамандарының білімі өте төмен екенін кейінгі 10 жылда өмірдәлелдейді.

  Біздің ойымызша, болашақты ойлап отырған,уайымдап жүрген бірде-бір үлкен бастық жоқ. Олардың жоспары, күндіз-түніойлайтыны жеке бастарының қамы. Президент тағына отыру, депутат болу,шетелдерге аударған ақшасын көбейту. Жалпы, ел-жұрттың тұрмыс-жағдайын,болашағын ойластырып жүрген үлкен бастықтардың біреуі жоқ. Сенбесеңіз,Алматыдағы Республика сарайына жалпы халықты жинап, бір рет жиналысөткізіңізші. Сонда бәрі айтылады. Ал жалпы халықпен кездесу не деген керемет,жетістіктер мен кемшіліктер айтылады. Болашағы зор, бағалы ұсыныстар айтылса,ол республикамызға үлкен көмек қой.

     Қасым-Жомарт Кемелович!

 Бұрын Сізгежазылғандықтан, көп уақытыңызды алмай, бұл жолы жалпы Қазақстан халқыныңқысқаша талап-тілегін жазайық. Бізге Қытайдың 55 заводы керек емес, керекболса, экономикамыз көтерілгенде өзіміз салып аламыз. Қазақстан жерісатылмасын, жалға  берілмесін. 1993 жылғы Конституция ешбір өзгеріссізорнына келсін. Онсыз қазақ халқына жақсылық жоқ. Қазақстан астанасы «Алашорда»болуы – міндетті әрі заңды. Алашорда – қазақ халқының туы, гимні, беткеұстарабырой-атағы. Бүкіл дүниежүзі қазақтарының басын бір орталыққа қосқан – ұлыАлаш. Қазақ деген халық жер бетінде пайда болғанда «бүкіл Алаш болып бірігейік»деп жер жүзіне жариялаған.

 Ұлттық қоғамдықсенімнің барынан жоғы. Онда кілең бастықтардың төңірегіндегілер отыр. Мәселешындықпен шешілмей жатыр. Жалтақтау басым. Түрмедегі саяси тұтқындар дереубосатылсын. Олар өкіметтен еш нәрсе ұрлаған жоқ. Жаңа президент келіп босаттыдеп, өмірлік есінде ұстайды. Бұл өтінішті Сіз президент болғалы айтып келеміз.

  Қазақстанхалқы ассамблеясы таратылсын. Түкке керегі жоқ. Астанадағы әуежай «Алашорда»деп аталуы керек. Қазақстанға бірпалаталы ғана парламент керек. Сенаттың мүлдекерегі жоқ. Артық штаттың айлығын, басқа шығынын есептеп көріңіз. Бюджеттіойсыратып-ақ тұр.

Құрметті Тоқаевмырза!

   Сізеліміздің жағдайын білетін, адал, білімді, бірнеше мамандықтың иесісіз.Қасым-Жомарт Кемелович, президенттік төрт жыл мерзімде жылжымай отырады деп,Сізге халық сенеді. Сіздің ар-намысыңыз бар емес пе?! Халық Сізді қолдайды. Осыхатты біз бүкіл Қазақстан халқының қолдауымен жазып отырмыз.

Құрметпен

Р.Дәулетов,

З.Мақанов,

З.Каримов т.б.

(Хатқа барлығы 241адам қол қойған. Оның ішінде 6 академик, 8 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты,35 еңбек ардагері бар)

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега