Саясат

Біздің билік Совет Одағын сақтап қалу үшін күрескен

Мына бір сөз соққанның көсемге айналып кету метаморфозасын түсінбедім. Ф.Достоевский ХХІ ғасырдағы қазақ зиялылары мен шенеуніктері француз ақсүйектерініңсонау XVIII ғасырда бетке ұстаған бір маңызды қағидасын ескермеді.

Jasalash.kz

Ол қағида мынауболатын: «тек француз халқы мен Франция болғанда ғана ұлт ақсүйектері өздерініңмәртебесін сақтап қала алады». Осыған байланысты Бас штаттарда (французпарламенті) орын халық арасынаншыққан депутаттарға берілді. Король және зиялылар қарапайым француздардыңмүдделерін үнемі ескеріп отырды. Осылай Франция әлеуметтік еркіндік идеяларыныңорталығына айналды. Франция – әлеуметтік революция жасаған (1870) бірінші ел.АҚШ-мен қатар француздар азаматтық қоғам құру үлгісін де бірінші болыпкөрсетті. Француздар «Адам және азаматтар құқықтары туралы декларация»қабылдады. Бұл кейіннен 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған«Адам құқықтарының жалпылама декларациясына» негіз болған үш құжаттың біріболды. 

Алғашында Қазақстан да Негізгі заңының мазмұнын французконституциясының үлгісімен құрған болатын. Әрине, қазір ол мәтіннің тамтығығана қалды. Оның өзі нағызында емес. Жергілікті билік органдары Конституцияғақарсы заңдар шығарып алған.

Шексіз билікке қол жеткізген, жексұрын Гитлер менСталиннің өздері алдымен өзі басқарып отырған елдің қамын ойлады. Билік құрғанжылдары  өздері басқарып отырған елдіңэкономикасын аяғынан тік тұрғызды, қорғаныс қуатын мейілінше жоғары деңгейгежеткізді. Қарапайым қисын бойынша, олар елі қаншалықты қуатты болса, өздерініңде даңқы арта беретінін білді. Әйгілі латынамерикалық диктатор А. Пиночет теелінің экономикасын көтеріп кетті. Бұл құбылысты сарапшылар «Чили ғажабы» депатағаны белгілі.

Ал біздің мырқымбаевтар мен шоқпытовтар тек қазақмемлекеті мен халқы болғанда ғана өздерінің статус-кво жағдайын сақтапқалатынын сезбеді. Ондайға қазақ шенеуніктерінің әлеуметтің түбінен шыққандығы,тексіздігі жібермеді. Отан-ана – Жерді сатуға құлшынды, бар материалдықигілікке қырғидай тиді, бәрінен бұрын, биліктен айырылмау үшін туған халқынкедейлік пен сауатсыздықта ұстау әрекетін жасады. Олар тегі құлданшыққандықтан, еркіндіктің өзін құл иесі болумен теңесірген Спартак сияқты, өзхалқын құлға айналдырып, солардың иесі болуды көздеді.

Қазақ әлеміндегі метаморфозаның ерекшелігі осыдан – биліктің өз елі мен жеріне өзі жау болыптиісіп, ұлттық мүдделерге қарсы әрекет жасауынан көрініс беруде.

Билік метаморфозасының ең айшықты көрінісі Кеңес Одағынсақтап қалу үшін шын ниетімен, оның соңғы деміне дейін күрескен, берілгенкоммунистің әп сәтте сөзсоқты демократқа, ал қазір ол тұрғысынан да айнып, бықсығанавтократқа айналуы болып табылады.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: rusrand.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега