Оқиғалар

Біздің тарих Мәскеудің ыңғайына жазылған (видео)

Жақында мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы жарық көргені белгілі.

Jasalash.kz

Онда көптеген өзекті мәселелермен қатар, қазақ елінің тарихына да тоқталған.

Президенттің сөзіне сәйкес біздің тарих Мәскеудің ыңғайына орайластырып жазылды. Демек ол қазақтың нақты тарихы емес. Біз тәуелсіз елміз. Соған сай, өзіміздің тарихты еш бұрмаламай, ашық, нақты жазатын кез-келгені белгілі. Біз қазақ елі, Ұлы даланы мекен еткен кешегі сақ-ғұндардың, күнше күркіреп, алып қағанат құрған көк түріктердің ұрпағымыз.

Жарты әлемді дәргейне бағындарған Алтын Орданың тікелей мұргеріміз. Біздің тарих тамырына көз жүгіртсек мыңдаған жылдарға кететін тарих. Адамзат дамуына өзіндік үлес қосқан тарих. Демек осындай сан қатпарлы, қасиетті тарихымызды қайта қарап, зерттеп, талдап, қайта жазатын кез туды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега