Блогер ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты сотқа берді
Қазақстандық блогер Кирилл Павлов ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты сотқа беретінін мәлімдеді. Себеп – министрдің «Қазақстан өзін сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр» деген сөзі.
«Бұл – жалған ақпарат»
Павловтың айтуынша, Сапаровтың бұл мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Ол ресми статистика мен халықаралық дерекқорлардағы нақты мәліметтерді мысалға келтірді.
2024 жылы Қазақстан шетелден 183 мың тонна сүт өнімін импорттаған.
Бұл импорттың құны 400 млн АҚШ долларына жеткен.
Оның айтуынша, бұл сандар Қазақстанның сүт өнімдерінде әлі де импортқа тәуелді екенін көрсетеді.
Ірімшік пен сүзбенің көбі – сырттан
Павлов ресми деректерге сүйене отырып, елдегі ірімшік пен сүзбенің кем дегенде жартысы шетелден әкелінетінін айтты.
Сарапшылардың пікірінше, Сапаровтың сөзі – аграрлық саладағы жүйелі проблемаларды жасыру әрекетіне ұқсайды. Министрдің «өзін-өзі толық қамтамасыз еттік» деген пікірі шын мәнінде саланы дамытудағы сәтсіздікті бүркемелеу сияқты бағалануда.