Қоғам

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр – СІМ

Қазақстандық блогер Қайсар Камза қазіргі уақытта Вьетнам аумағында қамауда отыр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Instagram

Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев блогерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі құзырлы органдардың қарауында екенін хабарлады.

Бұған дейін Қайсар Камза әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, құжаттарының уақытша тәркіленгенін ғана айтқан болатын.

Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемені растамай, блогердің шынымен қамауда отырғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта оның ісіне қатысты тергеу амалдары мен экстрадициялау мәселесі бойынша ресми шешім жарияланған жоқ.

Т. РАУШАНҰЛЫ