Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Шығыс Қазақстан облысы Полициядепартаментінің баспасөз қызметініңмәлімдеуінше, облыстық блок-бекетте қызмет етіп жүрген барлық полиция қызметкерлері мен медициналық қызметкерлер бүгінгі жұмыс күнін қайтыс болған полицейлерді еске алуүшін бір минут үнсіздікпен бастады.

Jasalash.kz

— Ішкі істер органдарындақызмет ететіндер үшін бұл — орны толмас қайғы. Әріптестердің жарқын жүзіотансүйгіштіктің және мамандыққа деген адалдықтың үлгісі ретінде полицейлердіңжадында мәңгілікке қалады. ШҚО Полиция департаментінің жеке құрамы және өз басымқаза болған әріптестерімнің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын.Олар өздерінің қызметтік міндеттерін ақырына дейін адал атқарды,  — деді ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мадиев.

 Еске салайық,  бұл оқиға 25 мамырда, сағат 05.26-да болған. БМВ көлігінің жүргізушісі, 1992 ж.т. азамат А.  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ықшамауданында, № 4 өткізу пунктінен өтпек болған. Ол алдымен  бетон қоршауды соққан, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан,  көліктің салонында болған  екі полиция қызметкері ауыр соққыдан көз жұмған болатын. Сондай-ақ бұл апат салдарынан  тағы бір полиция қызметкері зардап шеккені белгілі болды.  Зардап шеккен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде жатыр. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега