Саясат

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Фото: ашық дереккөз

 Ол Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласындағы тәжірибелі басқарушылардың бірі саналады. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын басқарған, екі мәрте вице-министр болған, Энергетика министрі қызметін атқарған және Мемлекет басшысының кеңесшісі болған.

Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген.

2006–2008 және 2017–2019 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болды.

2012–2014 жылдары Мұнай және газ вице-министрі қызметін атқарды.

2022 жылғы 11 қаңтарда, Қаңтар оқиғасынан кейін, Қазақстанның Энергетика министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2023 жылдың сәуіріне дейін атқарды.

Министрліктен кеткен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып жұмыс істеп, бұл қызметті 2025 жылдың ақпанына дейін атқарды.

2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып келген.

Сайт Әкімшілігі