Қоғам

Болат Назарбаевқа тиесілі Қордайдағы 34 гектар базардың жері мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаевтың 2004 жылы Қордай ауданынан алған 34 гектар жері  мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Прокуратураның 20 жылдан кейін таратқан ақпараты бойынша, Болат Назарбаевқа жер Қордай әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің шешімімен берілген. Ол 34,3017 га жерді өзінің «Қарасай БН-Тараз» ЖШС қарасты «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін алған.

Алайда учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған. Сондай-ақ ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 гектар суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базардың қармағына өткен.

«Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қойды. Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды», - делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі