Әлеумет

Болат Назарбаевтың отбасына қатысты іс тоқтады

Болат Назарбаевтың отбасына қатысты іс тоқтады

Фото: из открытых источников

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Болат Назарбаевтың отбасы мүшелерінен жер телімін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен. Алайда сот әкімдік өкілдерінің үш отырысқа қатарынан келмеуіне байланысты талап арызды қараусыз қалдырды.

Әкімдік даулы жер телімі мен оның аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік заң талаптарын бұза отырып рәсімделген деп есептейді. Осыған байланысты жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойылған.

Жауапкерлер қатарында Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол, оның бұрынғы жұбайлары, балалары және тағы бірнеше адам бар.

Айта кетейік, талап арыздың қараусыз қалуы жауапкерлердің кінәсіз екенін немесе жер теліміне меншік құқығы заңды түрде рәсімделгенін білдірмейді. Сот даудың мән-жайын қарамаған, яғни жердің кімге тиесілі болуы керектігі жөнінде шешім шығарған жоқ.

Әкімдік сотқа келмеуіне себеп болған кедергілерді жойған жағдайда, талап арызбен қайта жүгіне алады.

Сайт Әкімшілігі