Әлеумет

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Фото ашық дереккөз

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов инвестор болып саналатын «Верный Капитал» компаниялар тобы OLX Қазақстан хабарландыру сервисінің 100 пайыз акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады.

Мәміленің жалпы құны 81 миллион долларды құрады. Сатып алу VEON холдингіне кіретін Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы арқылы жүзеге асырылды.

Елдегі ең ірі онлайн хабарландыру платформаларының бірін сатып алу компаниялар тобының цифрлық қызметтер экожүйесін кеңейтуге бағытталған.

«Біз үшін бұл портфельді жай ғана кеңейту емес, Қазақстандағы күнделікті цифрлық қызметтер инфрақұрылымына салынған инвестиция», – деді Болат Өтемұратов.

VEON компаниясының бас директоры Каан Терзиоглу да OLX сервисін біріктіру компанияның Қазақстандағы IT нарығындағы жетекші позициясын нығайтып, пайдаланушыларға арналған толыққанды цифрлық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

OLX Қазақстанның негізгі көрсеткіштері:

- Платформаға ай сайын 9 миллион белсенді пайдаланушы кіреді;

- Қазақстандағы белсенді интернет аудиториясының 52 пайыздан астамы OLX қызметін тұрақты пайдаланады;

- Компанияның 100 пайыз үлесі жаңа меншік иесінің бақылауына өтті.

Осылайша, OLX Қазақстан сервисін сатып алу «Верный Капитал» компаниялар тобының цифрлық нарықтағы қатысу аясын кеңейтетін ірі мәмілелердің біріне айналды.

Сайт Әкімшілігі