Өңір

Болатжан Иманқұлов. Нұрсұлтан

— Нұрсұлтан, тұра ғой,балам. Сабақтан кешігесің, күнім. Тұра қойшы, балам, сабақтан келген соңұйықтап аларсың, — деп әпкем баласын мәпелеп оята алмай отыр.

Jasalash.kz

Осы кезде сырттанкірген жездем:

— Мынау әлі жатыр ма шешеңнің аузы, жұмыстан кешігетін болдым ғой.Тұрмайсың ба-ей… Тағы да біраз боқтық сөздерді араластырып, Нұрсұлтан орнынантұрғанша басылмады.

  — Ей, айқайламашы. Таң атпай, мұндаадамдар ұйықтап жатыр ғой. Балам, тез сыртқа шығып, беті-қолыңды жуып кел. Бір-екікесе шәй ішіп ал, қарның ашады, — деп әпкем баласының асты-үстіне түсіп бәйекболады. Осы уақытта үлкен ұл мен қыз айқайға басады:

— Папа, мама, қойыңдаршы, ұйқы беріңдерші. Біз де аздан соң тұрып жұмысқакетеміз. Нұрсұлтан, сен де тұр дегенде тұра салмайсың ба қақсатпай.

Нұрсұлтан ұйқысын аша алмай бір кесе шәйін іше сала сабақ киімдерін киебастайды. Әпкем жездеге шайын құйып қойып, баласының киімін кигізіп, бетіненсүйіп әйтеуір әупірімдеп шығарып салды. 

Бұдан біраз уақыт бұрын ұялы телефонның үздіксіз шырылынан шырт ұйқыданоянып кеттім. Көзімді ашсам, қап-қараңғы. Бір уақыттан соң жездем мен әпкемоянып жарықты жағып, телефонның оятқышын өшірді. Жездем жөтеліп жүріп киініп,сыртқа қарай беттеді. Мен тұрайын десем ұйқыдан басымды көтере алар емеспін,ұйықтайын десем жарықтан ұйықтай алмадым. Сағат таңғы бес жарым. Таң атуға әліекі сағат бар. Әпкем:

— Бөкетай, оянып кеттің бе, ана бөлмеге жездеңнің орнына жат, мұнда шайдайындайын, — деді. Ана бөлме дегені тағы да кішкентай ғана ДСП-мен бөлінгеншағын бөлме. Әпке-жездем бала-шағасымен пәтер жалдап көшіп-қонып жүргеніне 2жыл болды. Бұл кісілер қайда тұрмады ұйғыр, орыс, қазақ қожайындарының нешеуінкөрді. Ең арзан қолжетімді пәтерлерді бірінен соң бірін ауыстырды. Біреуініңқожайынымен шығыса алмады, енді біреуінің керегесі көгерді. Мен кеше ауылданкеш келіп, амандаса кетейін деп қонып қалдым. Қолжетімді десең қолжетімді.Қолыңды созсаң тамаққа да бас киімге де аяқ киімге де бәріне жетеді. Сыртынанқарасаң коттедж. Ішінде квартиранттар өріп жүр. Бөлмелердің ені тар болатынсебебі, контейнерлерді бірінің үстіне бірін қойып, үй жасап қойған. Әр контейнерде бір-бір жанұя. Қалай қиюластырыпқойғанын қарашы, үстінен де адамдар түсіп-шығып жатады. Осындай бір аулада үшкоттедж. Біреуі шын коттедж сияқты, қожайындары тұрады. Әпкем кеше үйдіңқожайыны қазақ екенін айтқан. Оған да шүкір, осынша ақшаның қазақтың қалтасынатүсіп жатыр деп өзіңді өтірік жұбатасың.

Әпке-жездемнің күнде айқай-шу болып, кешке аяқ-қолдары қақсап, қыңқыл-сыңқылыкөбейіп, ауырып жүргендеріне тап осы Нұрсұлтан «кінәлі». Есімі дебекер Нұрсұлтан қойылмаған. Әпкем осы жиенді көтергенде түс көріп, түсінде бірқария қолына мылтық ұстатыпты. 42 жасында осы Нұрсұлтан дүниеге келген. Патшамыздыңанасы да сондай түс көрген дегенді оқыған әпкеміз ырымдап қойған. Қазір солНұрсұлтан 6 сыныпта, қаладағы физика-математикадан тереңдетілген мектептеоқиды. Мектеп қаланың орталығында, мектепке жақын жерден пәтер жалдауға шамасыкелмеген әпке-жездемдер қаланың шет жағындағы кедей лашықтарын бірінен соңбірін тоздырып жүр. Жездем Нұрсұлтан оқитын мектепте қарауыл болып жұмысістейді. Содан жексенбі күннен басқа күндері таң атпай жоғарыдағы оқиға қайталанады.Ерте тұрмауға лаж жоқ. Автобус жүретін жолға дейін біраз жер және көбіне сазбалшық болып жатады, жолға шыққан соң аяқ киімді тазалап, 15 минутта біржүретін автобусқа жармасып, сығылысып сыйып кету керек. Үйден шығып мектепкежеткенше екі сағат кетеді. Бұл кішкентай патшамыз сабақты жақсы оқып, ақылдыбала болып өсті. Әпкеміз:

— Балам, сен осында оқып, Назарбаев мектебіне ме, қазақ-түрік лицейіне маоқуға түсуің керек. Ауылдың білімімен оқуға түсе алмайсың. Келешекте үлкен адамболасың. Бір тиынды артық жұмсамаймыз. Келешек үшін ғана өмір сүріп жүрмізосынша қиналып. Тек үмітім осы баламда,  -деп отырады. Қиналмай қайтсын, мектептегі еден жуатын жұмысына, жарты сағаттықжолға жаяу барып келеді. Белінде грыжасы, аяғында варикозы бола тұра талмайістейді. Емделуге де мұржа жоқ. Ақшаны үнемдейді баяғы. Одан да сол жолғакеткен ақшасына баласы мектепте бір пирожки болса да алып жесін дейді. Жездембайғұс та денсаулығы жоқ, күркілдеп жөтеліп алады да, сұрақ белгіге ұқсапжұмысына бара жатады. Екеуінің үміті келешек патша үшін бәріне шыдайды жәнесоған өздері сенеді. Екеуіне қарасаң арқаңа салып көтеріп алып барғың келеді.Бірақ сонысына қарамай тілдері ашты. Жоқшылықтың тілі қашан да ашты болған.

Ал менің өзімнің тірлігім де оңбай тұр. Мені де үміт дүниесі қалаға алыпкелді. Ауылдағы жап-жақсы мұғалімдік жұмысты тастап, осында келіп кетіпжүргеніме біраз болды. Оған екі себеп бар: Алғашқысы мен жасым қырыққа келіпқалған, әлі үйленбегенмін. Қазақстанда қалай екенін қайдам ауылда бір қызғажиырма жігіттен келеді. Жас келген сайын он тоғыз жігітке конкурент болу дақиын. Ол аз десеңіз бір ауыл бір ру, қыз алысуға болмайды. Тіпті мен сияқтыүйленбеген екі құрдасым тағы бар.  Қаладақыз көп, қисық қабырғам кездесіп қала ма дейсің. Екінші себебім мектептіңжұмысынан жалықтым, бастық көп, тексеру көп, ал мен қағаз жазуға екі бастаншорқақпын, шындығында еріншекпін. Сондықтан да қалада репетитор болып,келешекте өз бизнесімді ашқым келеді, оқушыларды ҰБТ-ға дайындайтын, кішісыныптың оқушыларын математикадан даярласам деп, қосымша математика да оқыпжүрген жайым бар. Мен сияқы үміті мен күдігі аралас қанша қаракөз қазақтыңұлдары жүр Нұр-Сұлтанда.

Өткенде ауылына барғанда Нұрсұлтанды көрдім. 30 мың теңгеге есек арба сатыпалып беріпті. Сонымен ата-анасына отын суын тасып, қайтадан ауылдың баласыболып, қолғабысын тигізіп жүр. Қалада сабақтан келген соң қолына ұстағаны текұялы телефон ғана болатын. Әпке-жездем қалада денсаулығы шыдамады, қайтыпауылға келіп алған. Мейлі дедім ішімнен, Нұр-Сұлтанда тұрмай-ақ адам болуғаболады.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега