Қоғам

Бораттың суреті бар жейде киген кәріс әншісі қазақстандықтардан кешірім сұрады

Оңтүстік Кореяның ENHYPEN тобының мүшесі Ян Чонвон қазақстандықтардың сынына ұшырап, кейін кешірім сұрады.

Фото: видео-скрин

Әнші әлеуметтік желіде астаналық биші Ранияның хореографиясымен қойылған "Bloody Paradise" әніне би билеген видеосын жариялаған. Алайда көпшіліктің назарын оның Бораттың бейнесі салынған жейде киіп шыққаны аудартты.

Желі қолданушылары мұны Қазақстанға қатысты жалған стереотиптерді насихаттайтын кейіпкердің бейнесін қолдану деп бағалап, сынға алды.

Осы жағдайдан кейін Ян Чонвон тікелей эфирде аталған жейдені лақтырып жібергенін айтып, қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Сайт Әкімшілігі