Өңір

Бозарық биыл аяқталады

Шымкентте Бозарық қосалқы станциясыныңқұрылысы биыл аяқталатын болды.-Мегаполистегі 81 елді мекеннің 46-ы сапалы электрменқамтылған, 35-інде жарықтың сапасы төмен.

Jasalash.kz

Соңғы 3 жылдың ішінде 9,7млрд.теңгеге 10 елді мекенге электр желісі және 2 подстанцияның құрылысысалынған. Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуатыжетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясыныңқұрылысы жүріп жатыр. Қосалқы станцияны  қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда,-дейдіқалалық әкімдіктің жауапты мамандары.

Осы жоба аяқталса, Тұран, Шымкент сити, Асар-2, Бозарық,Бозарық-1,2,3, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Қайнар-бұлақ шағынаудандары сапалы электр жарығымен қамтылады.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега