Қоғам

Бозымбаев қайырымдылық көмек бөлуге қоғамдық ұйымдарды тартуды тапсырды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек бөлуге қоғамдық ұйымдарды тартуды тапсырды.

Фото: из открытых источников

Оның айтуынша, су тасқыны аймағындағы 100 мыңға жуық адам үйлерінен қауіпсіз жерге көшірілді. Жүздеген эвакуациялау пункттері құрылып, оның әрқайсысы қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Онда дәрігерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер кезекшілік етіп жатыр.

Ресми түрде жұмыс істейтін және әкімдіктер де, жергілікті белсенділер қауымдастығы да бақылайтын аймақтық қайырымдылық қорлары бар. Республикалық деңгейде Қазақстанда 2 қор бар – олар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры және «Қазақстан халқына» қоры.

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев «Қазақстан халқына» қоры аталған өңірлерде зардап шеккен тұрғындарға арнап 400-500 үй салуға дайын екенін айтты.

Өңірлерге шетелден немесе ірі компаниялардан келген барлық гуманитарлық көмекті Төтенше жағдайлар министрлігі үйлестіреді және ол қоғамдық бақылауда болуға тиіс екенін айтты.

Фото: t.me/KZgovernment

Nurbike Beksultan
Тегтер: Бозымбаев