Қоғам

БҚО-да әйелінің суретіне лайк басқан танысын пышақтаған ер адам сотталды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында әлеуметтік желідегі әрекет жанжалға ұласып, ер адам танысын пышақтап тастаған.

Фото: ашық дереккөзден

Жәнібек аудандық сотының мәліметінше, жанжалға жәбірленушінің сотталушының әйелінің Instagram-дағы суреттеріне лайк басуы себеп болған. Келіспеушілік кезінде ер адам танысына пышақпен үш рет соққы жасап, оқиға орнынан кетіп қалған. Жәбірленуші ауыр жарақат алған.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған.

Сот оған бастапқыда үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Кейін жаза шартты түрде өтелетін жазаға ауыстырылды. Енді ер адам пробациялық бақылауда болады.

Сайт Әкімшілігі