Қоғам

БҚО-да Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Иранның үш азаматы сотталды

24 шілдеде Иранның үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Фото: ЖИ

Оларды ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері ұстаған.

Сот материалдарына сәйкес, ер адамдар шекараны өткізу пунктінен тыс жерде алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып қасақана кесіп өткен. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Қарақия аудандық соты үш азаматты кінәлі деп танып, әрқайсысына Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарып жіберу арқылы бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Сайт Әкімшілігі