Өңір

Браконьерлер басына алмайды

Атырауда пандемияғабайланысты жарияланған карантинге қарамастан, кезек күттірмейтін маусымдықжұмыстар жүзеге асып жатыр.

Jasalash.kz

Соның бірі – бекіретұқымдас және басқа да балық түрлерін сақтау шараларын күшейтуге бағытталған «Бекіре– 2020» кең ауқымды балық қорғау акциясының алғашқы онкүндігі.

Шарабасталғаннан бері табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің мамандары 97табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерін анықтады. Оның ішінде Атырау облысыаумағында – 84, Маңғыстау облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 6 заңғақайшы әрекет жасалған. Әкімшілік жауапкершілікке 47 адам тартылып, балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 920 мың теңгеденастам әкімшілік айыппұл салыныпты. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 1 тонна103 кг балық, оның ішінде 61,1 кг бекіре тұқымдас балық, 23 бірлік ау құралдары,6 жүзу құралы және бір автокөлік алынған. Тәркіленген қайықтар айыптұраққақойылып, бекіре балығы «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытына өткізілді.

Соңғыжылдардағы құқықтық шаралардың әсері ме, әлде табиғатқа қаскөйлік жасаушылароқшауланып отыр ма, биыл заң бұзғандар саны былтырғыдан гөрі әжептәуір аз. Салыстырмалытүрде айтсақ, «Бекіре –2019» науқаны бойынша 1242 заңсыз балық аулағанбраконьерлік дерегі анықталған еді, оның ішінде мыңға тарта оқиға Атырауоблысында болған-ды.

Тағы бір жақсы көрсеткіш, осы жылғы уылдырық шашукезеңінде аймақтағы су айдындарынан заңсыз жүзу құралдары датабылмады. Дегенмен, Жайықтың өн бойын сүзу кезінде табылған заңсыз балық аулауқұралдары бар. Осындай төрт жүзге жуық, негізінен, моноталшықтан тоқылғансинтетикалық қытай аулары судан түгел жиналып алынды. Айта кетейік, балықөндірісінде дәл осы «қытай ауларын» пайдалануға қатаң тыйым салынған. Оныңбағасының тым арзан болуы браконьерлердің оң жамбасына келіп тұрғаны рас. Біррет пайдаланып тастап кете салады. Алайда, суда да, құрлықта да шірімейтін бұл ауларбалықтардың бағытына кедергі келтіріп, орап, шірітіп тастап, экологияға орасанзиян келтіруде. Тазарған өзенде уылдырық шашатын балықтардың еркін қозғалуы өзкезегінде балық санын көбейтіп, одан әрі балық шаруашылығының табысын молайтатүспек.Оның үстіне, өткенжылы Жайықта балықтың көптеп қырылуынан өңірдегі 16 өндірістік кооператив пенбекіре балығын өсіріп отырған екі зауыттың қыруар зиян шеккенін ескерсек,«Бекіре– 2020» шарасына мән беріп, су көздерінде темірдей тәртіп орнатудың маңыздылығыкөзге түседі.

Құралай Қуат,

Атырау облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега