Саясат

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 19 қарашада Қытай, АҚШ және Ресей президенттері алғаш рет үшжақты келіссөз жүргізеді.

Фото JasAlash /ЖИ

Тарихи кездесу Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өтеді.

Қытай тарапы үш ел басшысының басқосуын ресми түрде растаған. Алайда келіссөздердің нақты күн тәртібін жариялаған жоқ.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылауға ниетті екенін білдірген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғысқа қатысты мәселені көтеруі мүмкін.

АТЭС саммиті 18–19 қараша күндері Шэньчжэньде өтіп жатыр. Үшжақты келіссөздің алдында Трамп пен Путин Қытайға барған.

Сайт Әкімшілігі