Бұл не басынғандық?
Еріккен жұрт қазақтың жүйкесімен «ойнауды» әдетке айналдырды. Бірі қазақтың теңгесімен мұрынбоғын сүртті, бірі қазақтың сәукелесін киіп, тәнін жалаңаштады.
Қайсыбір елдің басылымы Қазақстанды өзіне қосып алғысы келді, қайсыбірелдің басшысы «қазақта мемлекет болмаған» деп қорлады. Қайсыбірін айтасың,қайсыбірін тізесің...
Исі қазақтыбасынғандар көп. Бұ қазақтың жүйкесі мырыштан құйылған ба дерсің. Былқ етпейді. Мыңқ етіпдыбыс шығармайды. Әлгі теңгемен маңқасын сүртетін Кавказ елдерінің біріне барып, сол жердің төл ақшасымен мұрнын сүртсінші – танауын пұштитыпкесіп алар еді, ұлттық киімін қорласыншы – жонынан таспа тілер еді, қаңғыртып жіберер еді. Біз болсақ, көзін бұлап кешірім сұраса, «бір қателік жасаған ғой, кешірімді болайық» дейміз, сөйтеміз де қоя саламыз. Мұндай «добрыйлықты» көргенекінші бірі қазақты тағы қорлауға көшеді. Қазақ тағы сол тірлігін қайталайды. Ары кетсе әлеуметтік желі бетінде тулап бір басыламыз. Сонымен, тәм-тәмам. Қазақта мінез жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмаған өр мінез кешегі Кенесары, Махамбетпенбірге өлген. Бүгінгі қазақ босбелбеу, ынжық, жігерсіз. Қазақ өзіне келгенде «батыр», ал өзгенің алдында...
Жә, айтқымызкелгені бұл емес еді. Тек көк бөрі ұрпағының арландық мінезден айырылып қалғаны қынжылтады. Содан болар, өзге жұрт қазақтың жүйкесінде ойнауды әдетке айналдырды. Кеше ғана намысты азаматтар өз жерінде өгей баланың күйін кешкен, қор болғанана тілін төрге сүйреп еді, мұны жаратпаған қайсыбір топ наразылық танытты.Қазақ топырағында қазақтың тілін емес, өзге елдің тілін, яғниорыс тілін қорғап, петиция даярлапәлек. Орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тіл болып танылсындейді. Бұл не басынғандық? Мұның артында кім тұр? Кім айтақтапотыр? Жел қайдан соғып тұр? Отқа май құйып жатқан қайсысы?
Қазақ ана тілім десе – өз жері, өз елі. Өзге жұртқа барып қазақ тіліне мемлекеттік тілдің құқын сұрап жатқан жоқ. Өз жерінде не десе де, қалай айтса да сыйымды. Өйткені бүгінгі қазақтың өз жеріндегі үлесі баяғыдай емес, 70 пайыздан асқан. Әлі декөбейе берері заңдылық. Демек, көршіелдің (Ресейдің) тілінКонституциядан алып тастау керек деп талапқойылып жатса, исі қазақтың өз жеріндеіргелі жұртқа айналғанының белгісі.Бұған үрке қараудың реті жоқ. Қазақтың жерінде қазақтың тілі ғана мемлекеттік тіл болуы тиіс. Қазақтың жеріндеқазақтың тілі ұлтаралық тіл болуы заңды. Бұл әзірге өзге жұрт мойындағысы келмесе де, түбімойынсынатын ақиқат.
«Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің тіл жөнінде «Жас Алашқа» берген сұхбатын мына жерден оқуға болады.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»