Оқиғалар

"Бұл шынымен таңғалдырады": Euronews өкілі Қазақстанның дамуына баға берді

Euronews өкілі Қазақстанның дамуына баға берді.

Фото Мәдениет және ақпарат министрлігі

Euronews халықаралық телеарнасының Әзербайжандағы бюро басшысы әрі өңірлік коммуникациялар жөніндегі жетекшісі Надира Тюдор соңғы он жылда Қазақстан мен оның астанасының қалай өзгергені туралы айтып берді. Ол өз әсерімен Astana Media Week 2026 форумы аясында бөлісті.

Халықаралық телеарна өкілінің айтуынша, ол Қазақстанға тұрақты түрде келіп тұрады және әр сапарында елде болып жатқан өзгерістерді байқайды.

"Мен Қазақстанға он жылдан бері келіп жүрмін. Осы уақыт ішінде адам сенгісіз өзгерістердің куәсі болдым. Қала түбегейлі өзгерді. Бұл шынымен таңғалдырады", – деді Надира Тюдор.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанға үшінші рет келіп отыр. Сонымен қатар оған елорданың сыртқы келбетіндегі өзгерістер ғана емес, қазақстандықтардың дамуға және жаңа технологияларға деген көзқарасы да ерекше әсер қалдырған.

"Әр сапарымнан өте жақсы әсер аламын. Маған әсіресе адамдардың дамуға деген ұмтылысы, олардың жаңашыл ойлауы, сондай-ақ мұнда технологиялар мен адами әлеуеттің үйлесім табуы ұнайды. Бұл шынымен керемет", – деп атап өтті Euronews өкілі.

Надира Тюдор 14–16 қазан аралығында елордада өтіп жатқан мерейтойлық Astana Media Week 2026 форумына қатысуда. Форум аясында ол жасанды интеллект дәуіріндегі медиа саласының трансформациясына арналған алғашқы пленарлық пікірталастың модераторы болды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Надира Тюдор