Бұл сынақтан сүрінбей өтеміз деп сенемін - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт — ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам екенін атап өтті.
«Ораза айт руханитұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып,жақсылыққа жетелейді.Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пенкішіпейілділік — ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмірсалтына айналдыруымыз керек.Мейрам күндері күллі мұсылманқауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игіістер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі.
Рамазан айында сабыр сақтап,төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуалбіршама тұрақтанды.
Халқымыздың парасаты мол,бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін.
Ораза айт құтты болсын!
Баршаңызға зор денсаулық,бақ-береке және толайым табыс тілеймін!», — делінген құттықтауда.