Баған

Бұқара өз құқығын қорғай алмайтын іріген массаға айналды

Қазақ қауымы толығымен әлеуметтік-психологиялық апатияға бойұрды. Қарапайым бұқараның саясат, құқық, сайлау… дегендермен ісі жоқ.

Jasalash.kz

Байырғыәлеуметтік белсенділігінен айырылған, өзінің құқықтарын да қорғай алмайтын, ірігенмассаға айналды. Қазір халықтың дені қоғамдық прогресс үшін күресті былай қойғанда,өзінің жеке өміріне, ұрпағына қажетті бұқаралық сипаттағы әрекеттерге жоламайтынболды. Бұқара бас біріктіріп, саяси-құқықтық сауатты ұйым құрып, салихалы істындыра алмайтын деңгейге түсіп отыр.

Неге? Бұл құбылыстың орын алуының қандай себептері бар? Егербұдан ары ұлт апато-абулизм дертінен айыға алмаса не болмақ? Төмендегімақалалар циклінде аталған сұрақтар төңірегіндегі ойларымды оқырмандарға ұсыныпотырмын.

Қазақ қандайхалық?

… мен отанымды тұла бойымен, тұтастай жек көремін.

А. Пушкин

Өліксіңсен, өліктен де бетерсің,

Ай,білмеймін, тіріле алар ма екенсің?

Иран-Ғайып

Егержамандық жайлы тыңдағың келмесе,

олөзі-ақ үнсіз келіп жаныңнан табылатын болады.

У.Шекспир

Соңғы 300 жылдың ішінде, алдымен патша өкіметі, кейінкоммунистік режим жүргізген, үзілмеген репрессиялардың салдарынан қазақтар момақанхалыққа айналды дегенді жиі естиміз. Расында да, халық әлеуметтік қақтығыс жағдайларындакөрсетуге тиіс иммундық реакциясынан айырылып қалды.

Қазір бұқара еркіндік үшін саяси ұйымдасқан күрестің қажеттігін,оның перспективалылығын түсінбейді. Өркениеттің тарихи даму үдерісінен жырақтапқалып отыр. Мимесисін де жоғалтқан, бағалық бағдарларынан да адасып қалған.Түрлі қоздырғыштарға реакциясы жойылған. Елді дүрліктіретін сенсацияның өзіне қатардағыоқиғадай, немқұрайды қарайды. Ешқандай қияметхайым оны таңдандырмайды. Оған«Йеллоустоун атқылай бастапты» немесе «астероид «Апофис» жермен соғылуға таяпкеле жатыр екен» десең де, ештеңе естімегендей, кереңдікпен, хатымханаға қарайаяңдап бара жатады.

Қазақ деген халықтың ақсүйектері мен әулетті зиялыларыныңбасым көпшілігі Кеңес билігі тұсында жойылғаны баршаға аян. Аман қалғандарыбіртіндеп кейінгі кезде саяси қудалауға ұшырады. Осылай, жөн сөз сөйлеп, жібі түзуәрекетке бастайтындарының қатары тым сиреп кеткен халық қазір 42 рудан жәнеруларға кірмейтін топтардан тұратын конгломератқа айналып, өзара қырқыспен жүріпжатқан жайы бар. Ұлт болып ұйысу қажеттігі санасына сіңбегендіктен, индустриялықоғамда өмір сүріп жатса да, қазақтар руларын ұмытпай, бірінің артына бірі ши жүгіртуменкүнелтуде. «Көктен түскен» тәуелсіздіктен кейін де, зоопарктен босатыпжібергеннен кейін торға өзі қайта оралатын жолбарыс сияқты, метрополияның«жылы» бауырын қимайтын, мәңгіреген халде күн кешуде. Кедейлікке еті үйренген, өктемдіккеде төзімді, ұрса – маңдайын тосады, қуса – қашады.

Соңғы кездері «транзитты күту» деген тіркес көп қылаңберді. Осы тіркесте қоғамның әлсіздігін, әрекетсіздігін көрсететін мағынажатыр. Транзитты күту бұқараның қоғамды басқару үдерісіне еш қатысы жоқ екенін білдіреді.Мемлекеттік билікке келу-кету – жоғары жақта жүрген біреулердің кәсібі сияқты. Бұқаратек салдарды күтеді, өзі араласпайды. Бұл – халықтың қатысуынсыз атқарылуғатиіс жұмыс сияқты. Өйткені, расында да, Цицерон сипаттағандай деңгейдегі, қазақдеген халық жоқ.

* * *

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін ендіешкім, ешқашан Ұлы дала елінің еркін дамуына кедергі жасай алмайтындай көрініпеді. Шынайылығында олай емес екен.

Қазір біз Қазақстан қоғамының Негізгі заңда белгіленген мәртебесінесай бола алмай отырғанының куәсі болып отырмыз. Халықтың «демократиялық, құқықтық,әлеуметтік және зайырлы мемленкет құрайтынына» күмән туып тұр. Соңғы отыз жылғажуық уақытта ашық, азаматтық қоғамның отауын тіге алмадық. Өркениетті дүниеден,оларда болып жатқан келелі үдерістерден ажырап қалып отырмыз.

Экономикаға шолу:

Экономика біржақты, шикізатқа телінген күйден шығаалмады. Өнеркәсіп шетелдік өнімдердің детальдарын құрастыру деңгейінде қалыпотыр.  Ауылшаруашылық өнімдерінің өзінің40 %-дан астамы шеттен тасылады. 3 млн адам (белсенді тұрғындардың 36 %-ы) төленетінжалақы шеңберінен тыс қалып отыр. Соның салдарынан, БҰЗҚ-ның жинақтаушы қызметінетартылмаған. Төменгі еңбекақы 28284 теңгені ($77) құрайды (2019 жылдың басынанбастап бұл көрсеткіш 42500 теңгеге жетті = $ 112: Қ.Ж.). Ал дүниежүзілікинституттар кедейге күніне кірісі 5 долларға жетпейтіндерді жатқызады. Ең бай жәнекедей қабаттар өкілдерінің табыстарының арасындағы алшақтық 15-16 есе болыпотыр (Дүниежүзілік практикада байлар мен кедейлердің түсімдерінің деңгейлерінің8-10 есе алшақ болуы шиырыққан ахуал қатарына жатады). Қазақстан полицеймемлекетіне айналып отыр. Құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің 100 мың тұрғынғашаққандағы саны жағынан Қазақстан Еуропадан үш есе, дүние жүзіндегі орташа көрсеткіштенекі есе асып түседі (Экономика шолушысы А. Сейдалиевтің мәліметтерінен).

* * *

Жемқорлық жыл сайын өрши келе, әбден басынған формаға көшті.Қазір ол экономиканы басқарудың шенеуніктер үшінтиімді формасына және олардың өмір сүру әдісіне айналған.

Мемлекеттің сыртқы қарызы жыл сайын көбейіп барады. Табиғи байлығы бар елдердің әр баласы жарық дүниеге ондаған мың долларды құшақтапкелгенде, біздің балалар сондай соманы желкесіне қарыз қып мінгізіп келетінболды.

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесіне сай қызметін толыққандыатқара алмай отыр. Бұл тілде өзге жұрттар өкілдері қызығатын, халықаралық аренағаұялмай шығаратын, бәсекеге қабілетті шығармалар тапшылығы көрініс беруде. Ұлттықмәдениет ауыл өмірін натурал сипаттаудан аспаған, ауыл тұрғынының соңынан еретін,шаруаға арналған суб-мәдениет деңгейінде қалып қойды.

Қанағат ЖҮКЕШЕВТІҢ «Билік метаморфозасы 

және әлеуметтік-психологиялық апатия» мақаласынан.

(жалғасы бар).

Фото: azattyq.org

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега