Саясат

Бұрынғы министр Президент әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

Фото: из открытых источников

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін «Аманат» партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың күзінде ол президенттің жарлығынан кейін министр қызметінен босатылды.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: Асхат Оралов