Бурылдың жолы жасалып жатыр
Жасыратыны жоқ,Жамбыл облысының орталығынан ат шаптырым ғана қашықтықта орналасқан Байзақауданына қарасты Бурыл ауылдық округінің халқы жолдың жайын айтып жиішағымданатын.
«Жол азабын жүрген білер» демекші, оған өзіміз де куәміз. Күні кеше осынау Бурылдағы облыстық маңызы бар жолдарға қайта жаңғыртужұмыстары жүргізіле бастады.
-Ауданорталығындағы көлік нөпірі арылмайтын Орынқұлов көшесі күні кешеге дейін екіжолақты болып келді. Яғни, бұл көшенің бойымен екі көлік қатарласып жүреалмайды. Оның үстіне ауыр жүк көліктері өзге жүргізушілердің уақытын ұстайды.Ал, айналып өту көлік қақтығысына алып келуі мүмкін. Сондықтан, көшені кеңейтукерек болатын. Қазір бұл жұмыстар қолға алынғанына қуаныштымыз,-дейді ауыл тұрғыны Мақсат Байділда.
Жауаптымамандардың берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, облыстық маңызы бар “Тараз –Жетібай – Тегістік – Ойық” автожолының 1,7-7 шақырым аралығын қайта жаңғыртужұмыстары бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілген.Жалпы құны 825,6 млн. теңгені құрайтын жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарғажоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталған автожолдың 7-20, 20-40,40-60 шақырым аралығын орта жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаәзірлей келе, 2020-2022 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан облыстық маңызы бар “Тараз – Сарыкемер –Түймекент – Ақшолақ” автожолының 3,4-14,4 шақырым аралығын қайта жаңғыртужұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алурәсімдері аяқталыпты. Жобаның құны 2 533,7 млн. теңгені құрайды. 2019-2020жылдарға жоспарланған осынау жобаны іске асыру “КазДорСтрой” жауапкершілігішектеулі серіктестігіне тиесілі. Олег Тен басшылық ететін серіктестік жоспарғасәйкес, аталған жолдың 3,8 шақырымын қайта жаңғыртудан өткізу үстінде. Соныменбірге, автожолдың қалған бөлігі қанағаттанарлық жағдайда болуына байланыстыағымды жөндеу, күтіп–ұстау жұмыстарымен қамтылуда.
Жалпы, Байзақауданының біршама ауылдарын аралап қайтқанда байқағанымыз, байзақтағы жолдыңжағдайы біршама жақсарып қалыпты. Мәселен, 2018 жылы аудандық маңызыбар 132,07 шақырым автомобиль жолдарының 107,27 шақырымы немесе 81,2 пайызытиісті сарапшылардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деген бағасын алған. Былтырғы жылы аудандық мәндегі автомобильжолдарына, елді мекен көшелеріне және жаяу соқпақтарға орта жөндеу жұмыстарынжүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасыбойынша жалпы 402,4 миллион теңге бөлініп, аудандықмәндегі 4 автомобиль жолының 17,88 шақырымы, 9 көшенің 4,4 шақырымы, 2 жаяусоқпақтардың 1,7 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіліп толық аяқталды. Бұлретте қаржыландыру жағдайын 2017-ші жылмен салыстырғанда 76 %өскенін көрсетеді екен. Ал аудандық мәндегі 9 автомобиль жолының 59,97шақырымына жалпы 1500 м2 ойық жамау жұмыстары жүргізіліпті. 2елді мекеннің 3,5 шақырымына 10750 м2 шағал тас төсеужұмыстары және 5 елді мекен көшелерін ойық жамау жұмыстары атқарылған. Бір айтакетерлігі, биыл бұл саладағы қаржыландыру жағдайы өткен 2018-ші жылменсалыстырғанда 69 пайызға өскен.
Қазіргі таңда Бурылдағы басталған жол жөндеу жұмыстары қызужүріп жатыр. Бүгінде тозығы жеткен ескі жолды арнайы ауыр техникалар бұзып,тегістеуде. Жақында бурылдықтар тақтайдай тегіс жолмен қатынайтын болады.
Фото: 7kun.kz