Саясат

Бұрынғы облыс басшысының ұлы әкімнің орынбасары болды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали ЕСҚАЛИЕВ тағайындалды.

Jasalash.kz
Бұл туралы Жас алаш ibirzha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Бұрын бұл қызметті Игорь СТЕКСОВ атқарған еді. Ол Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысып, Ғали Нәжмеденұлы Алтай КӨЛГІНОВТІҢ бірінші орынбасары болды.49 жастағы Ғали Есқалиевтің мамандығы экономист. Банк саласында түрлі қызметтер атқарған. Мемлекеттік қызметте де тәжірбиесі жоқ емес. Жамбыл, Ақтөбе облыс әкімдерінің орынбасары болған. Әкесі Нәжмеден Ықсанұлы ЕСҚАЛИЕВ те ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте болған еді. БҚО мен Көкшетау облыстарын басқарған. Және Өзбекстан, Тәжікстан, Украинада елші болып еңбек еткен. Осылайша, әкесі басқарған облыстың бірінші орынбасары болып ұлы тағайындалып отыр.Фото: facebook.com
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега